Қоғам

«Қазақтелеком» басшылары 400 млн теңге сыйақы алды

«Қазақтелеком» деген қу монополист компанияны қанша жерден сынап жатсақ та, оның басшылары былқ етпейді: олар әлі де опырып тұрып сыйақы алады екен.

Қазақстандағы интернеттің сапасы қарық болып тұрған жоқ.

Техникалық мамандардың жалақысы аз, жабдық жетіспейді, күнде дау, күнде жанжал.

Бірақ оның бәрі компания басшылығының ұялмай жоғары сыйақы алуына еш әсер етпейді.

Блогер Кирилл Павлов «Қазақтелеком» АҚ туралы бір жаңалық жеткізді:

«2023 жылы 2022 жылдың қорытындысы бойынша басқарманың 4 мүшесі (Қуанышбек Есекеев, Людмила Атамұратова, Берік Битабаров және Нұрлан Мейірманов) жалпы сомасы 422 159 000 теңге алып алыпты. Бір «мүше» орта есеппен 105,53 млн алды.

  • 2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның 9 мүшесіне жалпы 500 435 000 теңге сыйақы берілді. Бір мүшеге 55,6 млн.
  • 2020 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның 9 мүшесіне жалпы 425 960 000 теңге сыйақы берілді. Бір мүшеге 47,3 млн.
  • 2019 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның 9 мүшесіне жалпы 625 786 000 теңге сыйақы берілді. Бір мүшеге 69,53 млн.

Ойланатын жағдай бұл.

Біз Қазақстандағы интернет сапасының жақсарғанын, аймақтардың байланыспен қамтылғанын көріп отырған жоқпыз.

Бірақ басшылардың алатын сыйақылары осындай.
Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago