Қоғам

Қазақ тілін “мәмбет тілі” деп кемсіткен азаматқа қатаң үкім шығарылады

Қазақстанда ұлт араздығын туғызған адам жеті жылға сотталуы мүмкін.

Алматы полициясы жергілікті бір тұрғынның үстінен ұлт араздығын туғызғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады. Күдікті қазақ тілін «мәмбет тілі» деп атаған.

Әйел әлеуметтік желілердің біріндегі тікелей эфирде қазақ тілін ұнатпайтынын ашық айтып, қалаға көшіп келген ауыл тұрғындарына тіл тигізген.

Маған қазақ тілі ұнамайды, сондай мәмбет тіл ғой. Ауылдан келген мәмбеттер жынымды келтіреді, солардың кесірінен қаламызда жол тығыны болады. Маған қазақ тілі ұнамайды. Қырғыз тілі де, қазақ тілі де мәмбет тіл,

деген алматылық әйел.

Алматы полициясының мәлімдеуінше, күдіктіге «Қазақстан заңнамасына сай шара қолданылады». Қазақстанда ұлт араздығын туғызған адам жеті жылға сотталуы мүмкін.

Қазақстан билігі бұған дейін де жергілікті тұрғындарды кемсіткен бірнеше адамға іс қозғаған.

Мәселен, 2023 жылғы маусымның басында Орал қаласында жергілікті тұрғындар Денис Рудных пен Кристина Кольенкоға ұлт араздығын туғызды, жікшіл әрекет жасады деген айыптармен іс қозғалған. Олар Chatroulette сервисінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдаған. Тергеу мәліметінше, Рудных қазақтарды “мәмбеттер” деп кемсітіп, Орал – «ежелден Ресей қаласы» деп атаған, Қазақстанға шабуыл жасалған жағдайда Ресей жағында соғысатынын айтқан.

Дереккөз: Dalanews.kz ақпараттық агенттігі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago