Саясат

Қазақ тілін меңгеру деңгейі жаңа талаптармен анықталады

Елордада Стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңес өтті. Онда ҚР ұлттық стандарттарының жобалары қаралды. Оның ішінде Деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері жөніндегі жобалар мақұлданды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, стандарттың негізгі мақсаты – қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу. Содан кейін Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді өткізіп, тиісті сертификаттар береді.

Міндетті тестілеуден мынадай санаттар өтеді:

  • магистратура мен докторантураға түсетін студенттер.
  • мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер.
  • «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер талапкерлер.
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына түсуге үміткер студенттер.
  • «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқытушылары.
Әзірлеушісі – ҚазСтандарт. Қолданысқа енгізілетін болжамды күні – 2024 жылдың 1 қаңтары.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның қабылдануымен байланысты жоғарыда аталған әзірленген стандарттар өте қажет, өйткені олар жұмысты нақты регламенттер мен талаптарға сәйкес келтіреді,

деп атап өтті мәжіліс депутаты Иса Қазыбек.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago