Categories: Қоғам

Қазақты қазір салафизм жұлмалап жатыр

Кезінде қазақ жастарын Египет, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Түркия, Ауғанстан сияқты елдерге оқуға жіберіп, енді өзімізде «салафиттер», «таза» ислам, хиджаб деген дүниелерге тап болдық. Сауд Арабиясы біздің елде мешіттерін салып тастап, енді сол «мешіт дипломатиясының» көмегімен салафизмді насихаттап келеді. Жастар Құранды ғана емес, өзге елдегі исламның ерекшеліктерін, өзге мәдениетті, жүріс-тұрыс, әйелге деген, киімге деген бөтен көзқарасты, оның ішінде исламның радикалды ағымдарының мәзхабын қабылдай бастады, дейді филолог және публицист Дастан Елдесов.

Бір кездері парламент сенатының депутаттары Қазақстан азаматтарының шетелде емін-еркін діни білім алуын шектейтін норманы алып тастауды ұсынды. Бұл адам құқығын шектеу деп. Мұның арты діни радикализмге әкелетініне қарамады. Сосын жан-жақтан имамдар шықты, мектепте хиджабқа рұқсат беруді талап етіп, петиция жазуға үндеп. Әйелді қамшымен сабау, кішкентай қыздарға да орамал орау, ресми тіркеусіз неке қия салу дегенді үйретті. Ақыры қазақ ұлтының өркениеті шайқала бастады, енді «таза», «арабтың» исламы қатты насихатталуда.

Қазір өзі кез-келген салафит исламның жалғыз хақ жолында жүрмін деп ойлап, салафизмді еркін насихаттайды. Оларға салсақ, өздерінен басқа мұсылманның бәрі адасқан, бәрі кәпір. Оларша ханафи мәзхабы, мәтуриди ақидасы немесе сопылар – адасқан, аруаққа сенетін, қате дінде жүргендер екен.

Жалпы, ханафи мәзхабы ислам діні араб әлемінің аясынан шыққан кезде әлемге тарай бастады. Әуелде ислам негізінен арабтардың діні еді. Бірақ тегі түркі делінетін Әбу Ханифа ислам іліміне негіздеп, дін ұстанудың көпшілікке қолайлы, түсінікті жүйесін енгізді. Сол себепті дәл осы ханафи мәзхабы ислам әлемінің айналасында кеңінен тарады, оның ішінде бізде де. Ал «дала» исламының ерекшеліктерін барша мұсылман әлемі қабылдап, ескерген. Әйтпесе сопылардың ішіндегі ең танымалы, ислам мен тәңіршілдікті «татуластыруға» тырысқан Қожа Ахмет Яссауидің ілімін мойындамас еді. Яссауи әулиелерге сыйыну тұжырымын шығарғандардың бірі саналады. Ата-бабаны, аруақты сыйлау мен оған сыйыну кейін Орталық Азиядағы түркі халықтарында ислам дәстүрінің маңызды бөлігіне айналды.

«Дала» исламында діни синкретизм пайда болды – дін жергілікті дәстүрмен үйлесім тауып, ұлттық мәдениет пен ғылымның дамуын тежемеді. «Дала» исламы ежелгі тәңіршілдікпен де үйлесім тапты. Аруаққа сену, табиғатқа табыну, мазар тұрғызу, неке қию, жерлеу салты, әйелдердің бетін ашып жүруі сияқты дәстүрлер пайда болды.

Қазір қазақ арасында күні ыстық араб елдеріндегідей өлікті өлген күні жерлеу жиіледі. Той-томалақты музыксыз, бисіз өткізу шықты. Өнердің, салт-дәстүрдің көбі харам болып шыға келді. Ас беру, беташар, жеті шелпек, домбыра мен қобыз сияқты қазақтың ежелгі дәстүрлері енді харам санатына жатқызылды.

Қысқасы, салафиттер ұлттың мыңдаған жылдық тарихынан теріс айналады – осы жерде қазақ та өз өркениетінен айырылады. Ал қазақ әуені, эпосы, ауыз әдебиеті, сурет өнері, сәулеті, киімі және тағы басқасы исламға дейін, одан ертерек пайда болған еді.

Қазақта еркек пен әйел теңдігі болған, мысалы, айтыста, қыз қуу ойынында. Батыр қыздарымыз, дала ханшайымдарымыз болған. Енді қызға хиджаб кигізіп қана қоймай, оның мектепте бөлек оқытып, қамшымен ұр дейді.

Ауғанстан мен Иранда бәрі хиджабтан басталған. Қазір араб елдерінде әйелдер білім алмайды, жұмыс істемейді, саясатқа қатыспайды. Біздің имамдар, мемлекеттік қызметкерлер, педагогтер мен идеологтарымыз осыны ұмытпасын. Ана сүтімен балаға ана тілі ғана емес, тәрбие, мәдениет, білім-таным дариды.

Мәселе орамалда, сақал мен шолақ етекте емес, мәселе арабтануымызда. Салафиттер саналы ойды, кәдімгі логиканы, ақылды мойындамайды. Мысалы, араб әйелдерінің киімі әуелде шөлдегі құмнан, жел мен ыстықтан қорғануға арналған. Шаш мен денені тұтас жабатын киімді жыл он екі ай киюге болатын. Ал Алматыда құм мен жел бар ма? Біздің қысқа уақыт болатын ыстығымызды шөлдің ыстығымен салыстыруға келмейді.

Қазақ даласының әйелдері басын тұмшаламаған. Қыздары шолпа мен шашбау таққан. Күн салқында басына бөрік киген.

Жалпы, ең алдымен адам болу керек, сосын барып – қазақ бол. Одан кейін дінге сен-сенбе, зайырлы бол, атеист бол. Бірақ бірінші кезекте зайырлы мемлекеттің заңдары мен ұлттық бірлік үстем болсын. Сонау ХХ ғасырдың басында-ақ қазақтар аруақтарының атымен атойлап жауына шапқан,

дейді ол.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

18 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

19 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

19 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

19 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

21 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago