Қоғам

Қазақтың cанасына «митинг» керек

Заңгер Айгүл Орынбек зорлық-зомбылық туралы сөз қозғап қазақтың санасын оятатын митинг керегін айтты. Ол жастарды үйленуге, тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды. Заңгердің айтуынша, қазақтың “Ұят болады” сөзі отбасылық қарым-қатынаста артық нәрсе. “Жұрт не дейді емес, жұрт не демейді?», деп өмір сүру керек, дейді Орынбек.

Қыздар мен жігіттер, өздеріңнің адамдарың, яғни, сендермен бір толқында жүретін адамды тапқанша отбасылық қарым-қатынасқа түспеңдер! «Тұрмысқа шығу керек» деп шығып өліп қалғанша, ал жігіттер қылмыскер болғанша тірі, бостандықта өздеріңнің рахаттарыңа өмір сүріңдер! Білім алыңдар, ізденіңдер, өздеріңді бірінші танып алыңдар! Өздеріңнің қауіпсіздіктеріңді бірінші өздерің қорғау керексіңдер! Жігіттерге де айтар кеңесім осы!

деп жазды Айгүл Орынбек.

Заңгердің пікірінше, заңды қатаңдатқанымен, адамдардың санасы мен көзқарасы өзгермей ештеңе өзгермейді. Отбасылық өмірге саналы тұрғыда дайын болмай, үйленіп қажеті жоқ. Бұл жерде үйленетін жастағы балалары бар ата-аналар да асықтырып, манипуляция қолданатынын да сөзге тиек етті.

“Ойбай біз өлеміз ертерек немере көру керек” деп ата-аналар балаларды асықтырып, өзін асырай алмай отырған жігітті үйлендіріп, одан оның бала-шағасымен қосып бағу қазақтың менталитетіне сіңіп кеткен үйреншікті дүние.

Зорлық -зомбылық бірінші қыздың үйінен басталады “қыздарға байға ертерек ти”, деп қыздардың миын психологиялық зорлайды. Ол ер азаматпен қарым қатынасқа дайын ба, дайын емес пе қарамайды да. Әйтеуір әлпештеп өсірген қыздарынан құтылуға асығады. Сосын ұрып соғып үйіне әкеліп тастаса “мінезің жаман болған соң байыңа симадың” деп одан сайын буллинг жасайды. Сосын өз отбасынан жылулық таппаған қыз, барар жері болмаған соң, қайтадан сол тиранның үйіне барады,

деп жазды заңгер.

Осы тұрғыда қоғамның санасы оянуы керек, деп есептейді Орынбек. «18-ге келген соң, өмірде жасаған әрбір қадамыңа заңды түрде өзің ғана жауаптысың! Сені біреу ұрып жатса, оған тек өзің кінәлі боласың, себебі сен оған өзің жол бердің! Сенің таңдауың сол болды!» деп жазды ол.

Бүкіл еркек жаман, қыздардың бәрі періште деп митингке шыққаннан өзгеріс болмайды. Мәселені түбінен зерттеңдер! Біз отбасылық тәрбиеде қателік жібердік, біз осыны дұрыстауымыз керек!,

деп жазды Айгүл Орынбек.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago