Categories: Оқиға

Диссидент Жасарал Қуанышәлин жансақтау бөліміне түсті

74 жастағы оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин ауыр науқастанып, ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты оның жақындары мен жақтастары хабарлады. Саясаткердің әйелі, ақын Айсұлу Қадырбаеваның сөзінше, Қуанышалин үйде жалғыз болған.

– Кейінгі жарты жылда өзім де ауруханада жатырмын. Соңғы рет сөйлескенімде «маған ауруханаға жат деп жатыр» деген еді. «Маған қарайламай, жата бер» дедім. Бүгін серіктері телефон соғып, «есін білмей жатыр» деп хабарлады,

деді Айсұлу Қадырбаева.

Қоғам белсенділері Бибігүл Жоламанова мен Арман Иманжановтың айтуына қарағанда, Жасарал Қуанышәлинді бүгін сағат 12.00 кезінде жедел жәрдем ауруханаға әкеткен. Қазір ол Алматыдағы қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago