Categories: Қоғам

Қазақтың «ұят боладысы» әйелдерді зорлық-зомбылыққа төзімді етіп тәрбиеледі

Психотерапевт Жібек Жолдасова ажырасу статистикасы (солтүстікте әйелдер ер адамдардан оңай кетеді) туралы, сондай-ақ «ұят» пен дәстүрдің зорлық-зомбылыққа, кісі өлтіруге және суицидке қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

Қазақстанда ажырасулар саны қарқынды өсуде. Бұл ретте елдің солтүстігінде шамамен жартысы ажырасса, батыста және оңтүстікте бұл көрсеткіш екі-үш есе аз. Мұның себебі неде? Жауабы қарапайым — дәстүр мен әйел көнбіс, үндемейтін және осылайша даналығын көрсетеді деген сенімде.

Солтүстікте әйелдердің түсінігі басқаша, ол оңай кетеді, еркін өмір сүргенді жөн көреді. Ал басқа өңірлерде оны «ата-анаңды жерге қаратасың», «тұрмысқа шықтың ба, демек кері жол жоқ», «ажырасқан деген атың бар, енді кімге керексің», «үндеме, шыда, бұл сенің тағдырың» сияқты сөздермен қысым жасап, ажыраспауға үгіттейді,

дейді Жібек Жолдасова.

Сондай-ақ, әйелдің келісімінсіз жасалатын некелер бар — олар оны алып қашып кетеді.

Алып қашып кеткен соң күйеу жақтан бір әжесі міндетті түрде табалдырықта жатып алып, «батылың жетсе менен аттап өт» дейді. Дәстүрлі тәрбие алған қыздардың бұған батылы бармайды. Қыз жылайды, жіберуін сұрайды, жалбарынады, бірақ оның пікірі ешкімге қызық емес. Оларға біраз жасты еңсерген ұлдарының үйленгісі келетіні ғана қызық.

Мұндай отбасылар «Шыдап кетсең сүйіспеншілік те келеді» қағидасы бойынша өмір сүреді. Мен алып қашқан қалыңдық бір жарым жыл бойы күйеуімен сөйлеспеген, онымен бір бөлмеде жатпаған және бүкіл отбасы оның тынышталуын күткен жағдайды білемін,

дейді психотерапевт.

Бірақ бұл көнбістіктің артында не жатыр? Әйелдер ажыраса алмайды, өйткені бұл ұят. Ал ерлер ас үй боксшыларына айналады. Психотерапевт Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қайғылы статистиканы атап өтті.

ҚР Ішкі істер министрлігі мен Жоғарғы Соттың ресми цифрлары:

  • күніне бір әйел өлтіріледі (жылына 365)
  • күніне төрт әйел зорланады (жылына 1 460)
  • күніне екі әйел суицидтен өледі (жылына 730)
  • күніне бес әйел өзіне-өзі қол жұмсауға тырысады (жылына 1 825)
  • айына тоғыз әйелді суицидке итермелейді (жылына 108)
  • айына 18 әйел қоқан-лоқы құрбаны болады (жылына 216)

Сонымен қатар, күн сайын полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына 218 қорғау нұсқамасын береді, бұл жыл сайын 80 мыңға жуық.

Бұл дегеніміз, 218 адам соққыға жығылғандықтан, қорғаныс бұйрығы қажет болды. Оның ішінде төрт әйел денсаулығына орташа және ауыр зиян келеді. Күн сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 136 әкімшілік сот өтеді,

деп түсіндірді психотерапевт.

Көп жағдайда үйдегі агрессорлар айыппұлмен, жартысынан азы қамауға алынады. Сарапшы бұл тек ресми деректер екенін, нақты картина әлдеқайда нашар екенін түсіндірді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

4 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

21 час ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago