Руханият

«Қазақтың қысқаша тарихы» кітабы жарыққа шықты

Тарихын білмеген ел жетім. Алматыда еліміздің алты ғасырлық өткенін түгендейтін «Қазақтың қысқаша тарихы» атты кітап жарыққа шықты.

Авторы — қазақстандық саясаттанушы, шығыстанушы ғалым Сұлтан Әлімбеков. Ол Тарих ғылымдарының кандидаты, Азиялық зерттеулер институтының директоры (Алматы). Қазақстан тарихы бойынша «Дала тарихы: Еуразия тарихындағы Шыңғыс хан құрған мемлекет феномені», «Ресей империясындағы Қазақстан», «Төңкеріс пен аштық құрсауындағы Қазақстан» сынды іргелі еңбектер сериясының авторы.

Сұлтан Әкімбеков.

Сұлтан Әкімбеков бұл туындыға мол тәжірибемен келген. Осыған дейін де тарих туралы бірнеше монография жазыпты. Бірақ дәл осы кітап өзгелерден ерекше деп отыр. Өйткені 400 беттің ішінде көшпенділердің кешкен күйінен бастап, қаншама қазақ қырылған ашаршылық, адамзат тарихындағы ең қайғылы қасірет болған Екінші дүние жүзілік соғыс, тәуелсіздік алу жылдары мен қазіргі мемлекетіміздің бастан өткерген соңғы жылдардағы оқиғалар бүге-шүгесіне дейін боямасыз жазылған.

Тарихтан сыр шертетін кітап әзірге орыс тілінде ғана жарық көрді. Таралымы 5 мың дана. Алдағы уақытта қазақ, ағылшын тілінде шығарылады деп жоспарланған.

Автордың сөзінше, жаңа кітаптың көп бөлігі ХХ ғасырдан бастау алып, біздің бүгінгі күнімізбен байланысты. 

20 жылдай «Континент» және «Центр Азии» журналдарында редактор болып қызмет еткенім және саясаттану саласында істегенім үлкен септігін тигізді. Бұл маған осы бағытта жұмыс істеуге тиісті қосымша негіз берді. Сондықтан тарихшы және саясаттанушы ретіндегі кәсіби күшім — қазақтардың бүкіл тарихында болған барлық жайттар мен күрделі сәттер арқылы тұтас бейнені көрсете алатын 450 беттік кітапты жазуыма мүмкіндік берді.

Ең бастысы — кітапта актуалды сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Сәйкесінше бұл әдеттегідей құры деректер мен оқиғалар ғана емес. Бұл болған оқиғалардың қысқаша түсіндірмесі

дейді тарихшы.

Massaget.kz сайтының жазуынша, кітапта биылғы Мәжіліс сайлауы да баяндалады. Әрине, жаңа тарихты бөлек зерттеу керек. Бірақ соңғы 10 бет 2019 жылдан бергі оқиғалар туралы. Оның ішінде, Қаңтар оқиғасына баға берілді, соңғы болып жатқан оқиғалар да бар.

Соңғы уақытта заманауи жастарда Қазақстан тарихына деген қызығушылық артқан.

Менің ойымша, бүгінгі сұраныс ұсыныстан өте алда. Жастар айтарлықтай көп. Біз соңғы онжылдықтарда демографиялық өсімді көрдік. Дегенмен, мұндай бірінші, қиын кезең өтті. Бұл тек экономикалық қиындықтар емес. Бұл КСРО-дан, оның уақытынан шығу кезеңі. Көптеген адам үшін бұл өте ауыр болды. Экономикалық жағынан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да айтайық. Көбісі екі жерде отырғандай болжы, олардың шартты түрде екі сәйкестігі болды. Көптеген адамдар КСРО-ны экономика тұрғысынан ғана емес, идеология тұрғысынан да ностальгиялық етеді. Сонымен, КСРО-да тұрмаған жастар үшін бұл ел алыс тарих. Олардың бірегейлігі тек Қазақстанмен байланысты, және барлық мәселелер мен күрделі сәттер кезінде Қазақстан жалпы мағынада мақтан тұтады. Олар шын мәнінде өте патриот және олардың жеке басын қолдайтын ақпарат жетіспейді. Өкінішке қарай, ұрандатып қана қою жеткіліксіз. Бүгінде жастар арасында мемлекет тарихына деген қызығушылық жоғары,

деп түйіндеді автор.

Жаңадан шыққан кітапті Меломан және Flip.kz сайттарынан сатып алуға болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago