Categories: Қоғам

«Қазақ қыздарының сұрауы жоқ деп кім айтты?» Ринат Зайытов полицейлерге шүйлікті

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов полиция жұмысына қатысты сын айтып, жаңа жазба жариялады.

Бұл туралы ақын өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Жазбада қаңтар оқиғасынан кейін полицейлердің Назым есімді қызды тергеу кезінде Ринат Зайытов жайлы да сұрағаны айтылады.

Қаңтар оқиғасынан кейін біздің елдегі полиция жұмысы титтей болса да жақсы жаққа өзгеруге тиіс еді. Әттең. Қанды қаңтарда бір мезетте жоқ болып, тығылып қалған сақшысымақтар қайта тайраңдамақшы екен. Сөзімнің дәлелі мына кісі баласы. Есімі Алмат Ырғалиев екен. Қазақтың қаршадай қызын жазықсыз, заңсыз көшеден ұстап алып, қылқындырып бөлімге сүйреген «Палуан». Назым қарындасымызды кабинетіне кіргізіп алып ( жанында тағы біреу бар) тергеген кезінде мен жайлы да сұрақтар қойыпты,

– деп жазды Ринат Зайытов.

Айтыскер Наурызбай аудандық полиция бөлімшесіне Назымды және бір топ тәуелсіз журналистті ертіп баратынын айтты.

Білгісі келгенін ертең бетіме айтсын. Сұраймын. Ол кісі баласына қазақ қыздарының сұрауы жоқ деп айтқан кім? Қандай заңға сүйеніп, қорғансыз қызға күш көрсетті? Зайытовтан экстремист жаса деп кім бұйырды? Осынша қорлыққа үндемей отыратын мал емеспіз! Қ.К.Тоқаев мырзаның уәде еткен өзгерістері шынымен басталса, погонын пайдаланып, ойына келгенін істейтін полицейлерді жұмыстан шығарып, жауапқа тартуын талап етемін,

деп жазды Зайытов.

 Сондай-ақ ол жоғарыда аты аталған қызметкердің фотосын да бөліскен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

5 дней ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago