Атақ және ақша

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

Алматылық жазушы Меруерт Алонсоның «Разрешенные формы любви» романы оқырмандарға жетпей жатып, дау туғызды.

Кітап мазмұнында ашық дүниелер болғандықтан, үш баспа оны басудан бас тартқан.

Меруерт Алонсо – бұл оның бүркеншік аты емес. Жазушының өзі Қазақстанда туып-өскен. Күйеуі испаниялық. Олар Қазақстанда танысқан. Бірақ отбасы әртүрлі елдерде тұрып келген. Оның ішінде Перуде бес жыл тұрған. Осында тұрып, үнділердің аңыздарына қызығып, магиялық реализм жанрында кітап жазғысы келген. Күйеуі оған жазу машинасын сыйға тартқан.

Біз Перуде тұрғанда, балалар кітабы болмады. Онда мүлдем орыс тілінде кітаптар болмады. Сол кезде мен кітап жазуды ойладым. Романды төрт жыл бойы жаздым. Түркілердің латынамерикалықтарға өте көп ұқсастығын байқадым,

дейді Меруерт.

Оның сөзінше, бұл романда Қазақстан, Перу, Англия, Испания және Өзбекстанда тұратын бірнеше басты кейіпкер бар. Жазушының өзі аталған елдерде тұрған. Романын қазақстандық баспаларға ұсынғанда, жыныстық қатынас жайлы ашық суреттелгені үшін олар басудан бас тартқанын айтады.

Тек төртінші баспаға барған кезде, кітабын басуға келіскен.

Менің кәмелетке толмаған үш балам бар. Олардан некеде және неке сыртында жыныстық өмір барын жасыру түсініксіз. Бұл өмірдің бір бөлігі. Кітапта порнография жоқ. Егер болса, онда SBN» (International Standard Book Number, халықаралық стандартты кітап нөмірі – ред.) болмас еді,

дейді жазушы.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago