Қазақ қызымен әлемнің танымал сән үйі жұмыс жасайтын болды

Айнұр Полатованың ұлттық нақышта жасаған киіз үй түріндегі бұйымына, франциялық компанияның көзі түсіп, шеберді өздеріне шақырды, деп хабарлайды 24.kz ақпараттық агенттігі.

Енді жаһанға танымал бренд киіз үй пішінінде сөмке тігеді. Айнұр Астанада оқиды. Осыдан үш ай бұрын «Талапай» атты бірегей жобаны қолға алған. «Бес тас», «Құмар», «Ағаш үй» бестемшесі, «Тұмар» бестемшесі, «Тоғызқұмалақ» ойындарын қазақтың ою өрнегімен көркемдеп, қоржын түрінде ұсынып отыр. Асықты полиуретан деген материалдан, ал тоғызқұмалақтың тасын киіз бен қыштан өзі жасайды.

Жаңа жобаға Түркия, АҚШ, Нидерланды да қызығушылық танытты. Өзі кәсіби дизайнда оқымаған. Филолог. Биыл енді Германияда, Гете атындағы университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімін шыңдамақ. Одан соң қазақы нақыштағы сөмкенің ерекше дизайнын таныстыру үшін жазда Францияға аттанады. Сән үйінің ресми өкілдерімен кездеседі.

Олар Швейцарияда киіз үй пішінінде дүкен тұрғызған еді. Сол дүкеннің концепциясын негізге ала отырып, өзімді таныстырып, мен осындай жобаның авторымын және менде киіз үй формасында бестемше деген ойын бар, оның сыртқы формасы көп адам сөмкеге ұқсатып жатады, бір жағынан интелектуалды ойын, екінші жағынан сөмке, бұл ойын өте ерекше деп ойлаймын, егер қызықты болса маған кері жауап қайтарарсыздар деген едім. Алайда жауап қайтарады деген сенім болмады. Екі аптадан кейін жауап қайтарды. Идеяның қызықты екенін айтып, қосымша көмек үшін хабарласуымды айтты. Киіз үй пішініндегі сөмкелерді жасау туралы идеяға қызығып отыр,

дейді жоба авторы Айнұр Полатова
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago