Руханият

Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр

Абдулла ибн Аль-Хусейннің әйелі және тақ мұрагері Хуссейн ханзаданың анасы — Рания Аль-Абдулла әлемдегі ең танымал шығыс патшайымы.

Патшайымның сәндік заттарының арасында қазақтың білезігі мен бойтұмары да бар. «Адал» еңбек телемарафонында «Хабар» арнасының көрермендеріне бабалардан мирас боп қалған ұлттық зергерлік өнерді жалғастырып келе жатқан зергерлер жайлы ақпарат берілді. 

Ұлттық зергерлік өнерді әлемге танытып жүрген шеберлердің бірі —  Берік Әлібай. Зергердің құнды жәдігерлерінің бірі – Абылай ханның «Жеңіс туының» ұшы. Тудың ұшын қалпына келтіру үшін шеберге ханның бас батырларының бірі — Жауғаштың ұрпақтары әкеліп беріпті.

Берік Әлібайдың қолынан шыққан әшейкей бұйымдар сән әлемінде өз орнын тапқан. Мысалы, зергер соққан білезік пен бойтұмар Иордания патшасының әйелі  Рания Аль-Абдулланың сүйікті әшекейлерінің бірі саналады.   

Сонымен қатар, телемарафонда студияға Карл Фаберже орденінің иегері, зергер Ильяс Сулейменов келді. Зергер атақты «Томиристың тиарасы» еңбегімен танымал. Тәж алтыннан соғылып, қымбат тастармен көмкерілген. Шебер, зергер мамандығы жайлы өз ойын ортаға салды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago