6 қарашада өткен Бейжің марафонында этникалық қазақ Елеубек Қуанұлы жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Massaget.kz қытайлық Guangming Daily газетіне сілтеме жасап.
Бейжің марафоны кейінгі екі жылда пандемияға байланысты өтпеген еді. Биылғы марафонға 20 мыңға жуық адам қатысқан.
Ерлер арасында қытайлық қазақ Елеубек Қуанұлы жеңімпаз атанды. Ол 42 шақырымды 2 сағат 14 минут 34 секундта жүгіріп өткен. Марафоншы өзінің жеке рекордын 5 минутқа жаңартқан. Елеубек Қуанұлы — Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының тұрғыны.
Марафонға қатысушылар Тяньаньмэнь алаңынан бастап, 42 шақырым жүгіріп, Олимпиада паркінде аяқтаған. Қатысушының бәрінде ревакцинация болуы міндеттелген. Сондай-ақ, қатысушылар бір апта Бейжіңде болып, жағдайы туралы хабарлап отырған.
Айта кетейік, Бейжің марафоны 1981 жылдан бері ұйымдастырылады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…