Categories: Саясат

Азамат Бейісбеков индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды

Азамат Бейісбеков индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды,

делінген хабарламада.

Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Кедендік бақылау комитетінің кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2009-2011 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық саясат және Стратегиялық жоспарлау департаменттерінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2011-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы.

2012-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2015-2020 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты; инспекторы; сектор меңгерушісі.

2020-2022 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып жұмыс істеген.

Бұрын осы лауазымда жұмыс істеген Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago