Фото: ашық дереккөзден
Қарттар күні және Республика күніне орай Қазақстанда қарттарға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова брифингте айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қарттар күніне (1 қазан) Астана қаласында, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне (25 қазан) Ақмола және Павлодар облыстарында аға буын өкілдеріне:
2-ден 10 АЕК-қа (6 900 — 34 500 теңге аралығы) дейінгі мөлшерде, шамамен 1,9 миллиард теңгеге 234 мың адамға біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.
Сонымен қатар Қарттар күніне орай Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарында мерекелік азық-түлік себеттері табысталады.
Жалпы, биыл жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қарияларды әлеуметтік қолдауға шамамен 4,6 млрд теңге бағытталды (оның ішінде жергілікті бюджеттен — 4,1 млрд теңге, тартылған қаражат есебінен — 0,5 млрд теңге), оның ішінде:
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…