Ғылым

«Қазгидромет» мамандары сирек табиғи құбылыс неге Қазақстанда көрінгенін түсіндірді

6 қарашаға қараған түні Қазақстанның бірнеше өңірінде тұрғындар теріскей шұғыласына куә болды. «Қазгидромет» РМК мамандары бұл құбылысты геомагниттік белсенділіктің нәтижесінен болғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін біз бұған дейін Қазақстанның бірнеше облысының тұрғындары 6 қарашаға қараған түні Қазақстан үшін ерекше құбылыс – теріскей шұғыласын байқай алғанын жазған болатынбыз.

Алайда «Қазгидромет» РМК өкілдерінің айтуынша, теріскей шұғыласы Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында тіркелген.

Теріскей шұғыласы күннен бөлінген қуатталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы сирек газдарға әсер еткенде байқауға болады. Теріскей шұғыласы – геомагниттік белсенділіктің нәтижесі,

деп түсіндірді мамандар.

Бұл метеорологиялық құбылыс біздің ендіктерімізге тән емес және ел аумағында өте сирек кездеседі. «Газета.ru» сайтындағы ақпарат бойынша, теріскей шұғыласы — бұл ғаламшардың магнит өрісіндегі Күн желінің қуатталған бөлшектерінің қозғалысынан туындаған Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарының жарқырау құбылысы. Әдетте мұндай құбылыс аврорарлық аймақтарда байқалады – Жердің магниттік полюстерін қоршап тұрғандықтан, жоғары ендіктерде орналасқан белдеулерде осы құбылыс байқалады екен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago