Categories: Қоғам

«Қажылықтан қалды»: 300-ден аса адам «Кәусар тревел» компаниясына алданған

Не қажылыққа бара алмайды, не ақшасын қайтара алмайды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қажылық пен умраға апаратын «Кәусар тревел» туристік компаниясына қатысты тергеу басталды. Шымкентте, Алматыда бір топ азамат аталмыш турфирма үстінен арызданған. Олардың айтуынша, басым бөлігінің Медина мен Мекке үшу мерзімі өтіп кеткен, енді ақшасын да кері қайтара алмай жүр. Оның үстіне компанияның да былығы көп екенін естіген.

Былтыр 73 жастағы Жасқайрат Әмірғалиев жұбайымен жұбын жазбағанына 45 жыл толыпты. Соның құрметіне ұл-қыздары 1миллион 200 мың теңгеге Умраға жолдама сатып әперген. Мерзім бойынша екеуі қазір киелі жерде болуы керек еді. Бірақ ақсақалдың турфирма кеңсесінің алдында айналшақтап жүргеніне бір аптаға жеткен.   

Ақша да, жолдама да, қажылық та жоқ. Далада қалдық. Бастығы Медет Мекебай деген жігіт екен, 27 жаста. Сол кісінің өзіне жолықтым, айттым. «Ертең ақшаңыз түседі, болады». Сонымен әлі жүр. Миыма еш қондыра алмаймын. Себеп не? Бұлар енді Алланың жолында жүрген адамдар, сүттен ақ, судан таза деп есептейтін едім. Қазір енді көңілім қатты қалып отыр,

дейді Ақтөбе тұрғыны Жасқайрат Әмірғалиев.

Өздерінің айтуына қарағанда, «Кәусар тревел» турфирмасына алданғандар саны 300-ден асады. Әрқайсысы жолдаманы 500-600 мың теңгенің төңірегінде сатып алған. Бәріне бірдей осындай төленді деген бір жапырақ қағаз ғана ұстатқан.

Біз үш билет алғанбыз. Жолдас балам үшеу алды. Жалпы алты билет. Мен анама, жеңгеме, қызыма алғанмын. 23-і ұшу керек болған. 23 күні кеңсесіне келдік. Ол кісі: «10 миллион бар, соны таратам» деп айтты. Ақшасын қайтарсын дегендер ЖСН берсін деді. ЖСН бердік. ақшаны қайтармады.

дедәі алматылық тұрғын Елмұрат Бимұрзаев.

Даудың басы осыдан бір апта бұрын Шымкент қаласынан басталған. Онда дәл осы «Кәусар тревел» компаниясына алдандық деген жұрт ақшасын  қайтарып беруді талап етіп кеңсесінде шу шығарған еді. Меккеге бармақшы болған бір топ алматылықтар алданғанын сол кезде бір-ақ түсінген. Ұшу мерзімі келмесе де, олар төлеген қомақты қаражатын қайтарып беруді талап етіп отыр. Арасында тіпті студенттер де бар.

Ақшамды қайтарып алуға келген болатынмын. Бірақ нәтиже жоқ. Медет деген компанияның басшысы үш күн бұрын уәде берген болатын. «28-і күні 100 пайыз ұшасыздар, бір күн бұрын визаны жібереміз, оның алдында билеттің суретін жібереміз, Алматыдан  ұшасыздар» деген болатын. Нәтижесі осы, құралақан қалдырып, сан соқтырып кетті,

дейді студент Абзал Айтмолданов.

 «Кәусар тревелдің» әлеуметтік желіде тұрған нөміріне қоңырау шалып көрдік. Өшірулі. Сөйтсе компания ешбір жерде тіркелмеген, не лицензиясы жоқ.

«Туристік қамқор» қорының төрағасы Инна Рейдің сөзінше, компанияға жүгінер алдында туристік кодты талап ету керек.

Аталмыш компанияға қатысты тергеуді бастады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago