Categories: Галерея

«Ажырасам. Уақыт келді»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады

Бесінші перзентіне аяғы ауыр екенін айтқан актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады.

Көпшілікті толдырған бала жайлы бүкпесіз айтылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталының тілшісі.

«Ұзааақ уақыт жабылған ширманы ашатын уақыт келді. #меніңбесіншібалам туралы жазбаларымды оқып жүрген тұрақты оқырмандарым бәрінен хабардар. Егер сіз әлі оқымаған болсаңыз, басынан бастап, оқып шығыңыз.

Сонымен, өткен жолы ерекше атын айтамын деп едім ғой. Тааак, барабанная дробь тұрсаңыз отырыңыз, отырсаңыз жатыңыз, әйтеуір, құлап қалмаңыз.

Бесінші баламның аты — Ажырасам. Иә, иә! Бұған дейін айтып, жазып жүрген #меніңбесіншібалам – Ол менің алғашқы продюсерлік еткен және басты рөлге түскен толықметрлі фильмім туралы болатын. Бұл жоба мен үшін баладан кем болмады. Қанша жыл армандадым, сосын мақсат еттім, ойға салдым, ол аузымнан сөз боп айтылды, сол сөзге жан бітіп іс боп өмірге келді.

Бұл фильмді түсіру туралы алғаш рет 2021 жылдың тамыз айында Жанболат екеуміз талқылаған едік. Сөйтіп, қараша айында сценаристпен кездесіп, идеясын іздедік. Басты талабым – арзан күлкі емес, астарлы мәні, алатын ойы болатындай фильм болуы.

Маған сіздердің қолдауларыңыз енді екі есе көп керек! #меніңбесіншібалам — ол менің алғашқы кино-жобам!», — деп жазды Жұлдыз.

«Сәттілік серігің болсын!» деп жазған енесі Гүлзира Айдарбековаға «Әмин! Сіздердің тілектеріңіз бен халықтың қолдауы көпке де, көкке де жеткізер», деп ризашылығын білдірді актриса. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago