Қазір халықтың етегі ашық тұр– Омар Жалел

Абайтанушы, ғалым Омар Жәлел қазақтың бас биі болып сайланды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

Мен негізінен ешқандай да би боламын деп келген жоқпын. Адам билікке ұмтылмауы керек. Билік — өте ауыр нәрсе. Бірақ енді халық қалап отыр. Неге? Өйткені бұл жұмысты біреу істеуі керек. «Жалғыз адамның үні шықпайды, жаяудың шаңы шықпайды» дейді.  Сіздер өздеріңіз сайладыңыздар. Енді бірлесіп жұмыс істейік. Бірауызды болайық. Маған үміт артқандарыңызға рақмет!

Мың өліп, мың тірілген, есесі талай кеткен қазақтың ұпайын түгендеп, ең бастысы есін жинауға көмек керек. Есін жинаған халықтың етегі жабылады. Өкінішке қарай, қазір халықтың етегі ашық тұр. Неге? Өйткені, есін жинай алмай отыр.

Мына 150 жылдық отаршылдықтан кейін есімізді жоғалтып алдық. Қазіргі кезде билер деген не? Билер дегенеміз халықтың өз-өзіне келе бастауы, организмнің тірілуі…  

Халықтың өз-өзіне деген сенімі қайтып жатыр. Өзіне сенбеген халық мемлекет бола алмайды. Өзіне сенбеген халық шығармашылықты да, экономиканы да, әдебиетті де жасай алмайды. Өзін қорғай алмайды. Сондықтан қазір қазаққа рух беретін, кеудесін көтеретін уақыт келді. Біздің мақсатымыз — қазақтың есін жиғызу, рухын көтеру,

деп мәлімдеді Омар Жәлел.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago