Фото: ашық дереккөзден
Кезінде әйелдерге теңдікті бермеу керек еді, дейді бір жігіт.
Қазір әйел — бастық, әйел- шофер. Өз күнін өзі көре алатын болған соң, күйеудің керегі не?
Біреуін туып алады өзім үшін деп, болды. Ал еркектер сол әйелдің тапқанына үйреніп, тіпті ұсақтанып жалқау болып кеткен.
Екшкім қиналғысы келмейді. Дайынға тап болып, отырсам екен деп армандайды. Шүкіршілік жоқ. Сабыр жоқ. Иман жоқ. Қанағат жоқ.
Тең-теңімен тезек қабымен деп іздеп кеш үйленгендер бар.
Материалдық тұрмысын жақсартуды ойлап асықпайтындар бар.
Жауапкершілік алудан қорқатындары бар.
Жан бағыс қиындап кеткен. Бір жағынан елдің сөзі бар: той істеу керек, ол – қып-қызыл шығын. Ал тойға шашылмаса, елдің не айтады деген құрғыр абырой бар.
Қысқасы, қыздар қалтасы қалың жігіт іздеген, ал жігіттер қалтасын толтырудың қамын іздеп жүрген заман болды.
Ата-бабаларымыз былай депті:
Қырықтағы еркек қыз алады, қырықтағы қызды кім алады деген!
Қазақ «Он үште – отау иесі» деп тегін айтпаған. Он үш – алғашқы мүшел жас. Бабаларымыз бұл жасқа келгенді азамат болдыға балап, бір шаңырақтың жүгін арқалатқан. Осы жаста бабаларымыз әмеңгер атанған. Ал біз мұны санамызға сыйдыра алмаймыз. Неге? Өйткені әсіре балажандық, бала душар болуы мүмкін ықтимал қауіп-қатерлерден туындаған бойымыздағы секемшіл сезім, тағы басқа жағдаяттар санамызды буып, әріден ойлауға, бабалардың әлгіндей ұғымының мәнісін түсінуге мүмкіндік бермейді.
Ол заманда ерте тұрмыс құрып, үйлену қалыпты жағдай болған. Ал сіздердің ойларыңыз қандай?
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…