«Азия Авто — Бипек Авто» басшысы шетелде ұсталды

Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген  «Азия Авто» АҚ мен «БИПЭК Авто» АҚ басшысының бірі Чехияда ұсталды. Бұл туралы ішкі істер минитстрлігінің ресми өкілі Шұғыл Тұрлыбек айтты.

Чехия астанасы – Прагада Қазақстан ішкі істер министрлігі «Интерпол» ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Шығыс Қазақстан облысы экономикалық қылмыстар департаментімен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген «Азия Авто» АҚ мен «БИПЭК Авто» АҚ компаниялар тобы басшыларының бірі ұсталды,

деді Тұрлыбек бүгінгі онлайн брифиңгіде.

Қазіргі уақытта ол қамауда, Қазақстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Еске салайық, 2021 жылғы тамызда «БИПЭК Авто Қазақстан» АҚ мен «Азия Авто» АҚ акцияларының бақылау пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жарияланған болатын. Сот «Алаяқтық» бабы бойынша оны қамауға алу туралы сырттай шешім шығарды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago