Атақ және ақша

Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жаттықтырушы мас күйінде ұйықтап жатқан жерінен табылып, Қазақстанның өкілдеріне берілген деген ақпарат тарады.  

Бұл мәліметті Азия ойындарының басы-қасында жүріп, ақпарат таратып жатқан спорт журналисі Аслан Қаженов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта растады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ия, бұл болған жағдай, біздің бапкер екені  расталды. Академиялық ескек есу деген спорт түрі бар, жарыстар өтіп жатыр. Оған қатысты қандай шара қолданатыны белгісіз. Неге олай істеді, алкаголь ішіп көшеде жату деген  шынымен де масқара жағдай. Қазақстандық делагацияға кір келтіретін нәрсе,

дейді журналист.

Журналист Ұлттық құрамадағы легионерлер нашар нәтиже көрсетіп жатқанын да жасырмады.

София Сподаренко деген легионер Ресейдің үздігі, шенеуніктер «мынау міндеттті түрде медаль әпередіі, ертең Парижде де медаль әпереді», деп айтты. Бірақ, бүгін финалға шыға алмапты, көріп көңілім түсіп кетті. Жарайды, қазақ қыз-жігіттері жеңіліп жатса түсінесің. Бірақ,  біз бұларды әкеліп, бірден ұлттық құрамаға қосып тұрмыз. Жүлде бермейсің бе енді? деген сияқты сұрақтар болады. Олар бәрібір бөтен, жақын қабылдай алмаймыз.

Өз басым шетелден, әсіресе Ресейден спортшылар әкелуге қарсымын. Өйткені, олардың спортшылары әлемде масқара болып жатыр, жеңіске жетсе басқа спортшылар құттықтамайды да. Осындай кезде топырлатып әкеліп, өзіміздің балалардың жолын жабудың керегі жоқ. Әкеле беретін болсақ бізге ресейлік спортшыларға жол ашып берді деп санкциялар қолдануы мүмкін. Қазір спорт та саясат болып кетті ғой. Сондай кесірі тиіп бүкіл Қазақстан құрамасының жолы жабылып қала ма деп қорқасың,

дейді Аслан Каженов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago