Фото: ашық дереккөзден
Түркістанда қызметтік этиканы сақтамаған полиция бөлімінің басшысына қатысты тексеру жүріп жатыр.
Екі ауданның полицейлері басшылықтан қысым көріп отырмыз дейді. Мәселен, Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қатардағы қызметкерлерге күн көрсетпей, ұрып-соғады екен. Тіпті ақша да жинайтын көрінеді. Ал Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметкерлерінің қалтасын тексеріп, ар-намыстарына тиді деген ақпарат шықты.
Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әділдік іздеген полицейлердің жанайқайын Фейсбуктадағы парақшасында жазды. Ондағы мәліметке сүйенсек, «Киллер» деген лақап аты бар Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қол астындағы қызметкерлерін кабинетіне кіргізіп алып, ұрып-соғатын көрінеді. Учаскелік полицейлерден қорқытып-үркітіп ақша жинайды екен.
Жәбір көрген тәртіп сақшылары «Киллер» бастығының бұл әрекетінен жоғары тұрған басшылық хабардар деп отыр. Бірақ шара қолданбай келеді. Онымен қоймай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары жұмыста шорти, майкамен жүреді екен.
Погондылар өздерінің жанайқайына дәлел ретінде полиция бөліміндегі бейнебақылау камерасының үзінді жазбасын да жолдаған. Онда аяғына жаздық сүйретпе, үстіне футболка мен шорти киген ер кісіні көруге болады. Оның жанында бірнеше полиция қызметкері жүреді. Олардың формасы жаздық емес, қазіргі ауа райына лайықталған.
Видео полиция ғимаратының дәлізінде түсірілген. Осы сәтте «Киллер» басшы делінген ер кісі шынтағымен өтіп бар жатқан тәртіп сақшысының бүйірінен, содан соң арқасынан ұрады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған іске қатысты комиссия құрылып, тексеру жұмыстары басталғандығын хабарлады.
Осы іс бойынша арнайы комиссия құрылып, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тиянақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, заңды шешім қабылданатын болады. Бұл жайт департамент бастығы М.Қабденовтің бақылауында,
делінген хабарламада.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…