Categories: Экономика

Бұдан былай ауылдағы үйді кепілдікке қойып, кәсіп ашуға болады

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов бүгін Сенатта өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Өңір басшысы «Ауыл аманаты» жобасына ерекше тоқталып өтті. 

Біз жобаны іске асыру барысында бірінші рет 2,5 пайызбен екінші деңгейлі бірде-бір банк (кепілге – ред.) қабылдамайтын ауылдағы үйлерді ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне кепілге шығару туралы шешім қабылдадық. Бұл ауыл тұрғындары үшін керемет үлкен мүмкіндік. Басқа жолы жоқ деп ойлаймын. Сондықтан осы бағытта біз АӨК-нің функцияларына тез арада осындай өзгерістер енгізсек, біраз мүмкіндіктер туады. Бір сөзбен айтқанда, АӨК-нің мүмкіндігі мен екінші деңгейлі банктердің мүмкіндігін ұштастыруға ерекше қажеттілік туындап отыр,

деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Айта кетерлігі, былтыр жыл соңында елімізде алғаш болып Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асырылға басталды.

 Жоба қарапайым ауыл тұрғындарын бағытталған ескеріп халық ішінде жоғары бағаға ие болды. Өйткені бұл жоба нақты отбасылардың тұрмысын жақсыртуға тікелей арналған. Сонымен қатар Президентіміз 1 млн ауыл тұрғындарын қамтитын ауылдарды дамытуға 1 трлн. теңге бөлу туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл ретте, ауыл мәртебесін көтеруде үлкен жауапкершілікті сезіне отыра, барлық ауыл тұрғындары Мемлекет басшысына алғысын білдіруде! Расында да, ауылдың мәселесі шешілмей — қаланың мәселесі шешілмейтіні айдан-анық,  

деді облыс әкімі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago