Фото: tenis_den парақшасынан алынған
Бүгін тірі болғанда қазақ спортының жарқын бейнесі, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 30 жасқа толар еді. Ол 25 жасында көлік ұрыларының құрбаны болды, деп хабарлайды Massaget.kz
Спортшы 1993 жылы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. Ол 1999 жылдан бастап мәнерлеп сырғанауға ден қойған. Жасөспірімдер арасындағы гран-при кезеңінде (2008) жеңіске жеткен. Ал он алты жасында 2010 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан қатысып, ерлер біріншілігінде ең жас қатысушы атанды.
Бір баласы спортшы, екінші баласы ақылды отбасында дүниеге келдім. Айтпақшы, спортпен 20 жылдан бері айналысамын,
деген еді жазбаларының бірінде.
Денис Тен — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы.
Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылғы 19 шілдеде Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелері қиылысында көлік ұрыларымен қақтығыс кезінде қайтыс болды. 21 шілдеде Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Кейінірек Денис Теннің көлігіндегі айналарды Арман Құдайбергенов шешіп алғаны белгілі болды. Оның сыбайласы Жанар Тойлыбаева осы уақытта көліктен жеті метр қашықта тұрған. Алайда ол жанынан өткен Денис Тенді байқамаған. Конькимен сырғанаушы көлігінің маңындағы бейтаныс адамдарды көріп, оларға кедергі жасауға тырысқан. Осылайша, Арман Құдайбергенов пен Денис Тен арасында төбелес басталған. Осы кезде Нұралы Қиясов артынан келіп, Денис Тенге екі рет пышақ сұғып алған. Жарақат өлімге әкеп соққан. Міне осылай қазақ спорты тарихындағы жарқын бейне келмеске кетті.
Арада 5 жыл өтсе де, спортшының жанкүйерлері мен жақындары ұмытпай, әлуметтік желідегі парақшасында құттықтап, мәңгі жүректесің деген ыстық сезімдерімен бөлісті. Денис Тен соңғы рет инстаграм парақшасына 17 шілде күні жазба қалдырған. Екі күннен соң кісі қолынан қаза тапты.
Бес жылда ешнәрсе өзгермеді. Бәрі қаз-қалпында, жемқорлық өршіп тұр, шенеуніктер жылы орындарынан кетпеді… Дәл қазір алапат өрттен 14 адамның өліміне кінәлілер, сенің де өліміңе жауапты.
Үлкен рақмет, Денис! Сен жігерлендіресің, адамгершілікке үйретесің! Туған күніңмен!
Тапа-тал түсте сені өлтіріп кетті. Болашағымыз үшін алаңдаймыз! Елде тыныштық қалмады,
деп пікір қалдырған оқырмандар спортышының инстаграм парақшасында.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…