Қоғам

Бүгінде вахталық жұмыстың дәурені жүріп тұр

Аспаз бен күтушіге де сұраныс бар.

HeadHunter сарапшылары 2023 жылдың басынан бері 13 мыңнан астам бос жұмыс орындарына зерттеу жүргізіп, еңбек нарығындағы қызықты жағдайларды анықтады, деп хабарлайды TengeLife.

Бүгінде вахталық жұмыстың дәурені жүріп тұр. Негізінен машиниске, инженерге, фрезерлік және дәнекерлеуші мамандарға, сондай-ақ құрастыруға маманданған жұмысшыларға әрдайым сұраныс бар.

Вахталық бос жұмыс орындарының басым бөлігі мұнай-газ саласындағы мамандар мен өндірістік қызметкерлерге тиесілі екеніне қарамастан, аспазға, күзетші, күтуші, бағдарламашы, медицина қызметкерлері, тіпті сатушы мамандықтарына  ұсыныс жақсы түседі.

2023 жылы вахталық ұсыныстың ең көп саны Қарағанды және Атырау қалалары болған (ұсыныстың жалпы санының 10% және 8%-ы).

Ауысымдық жұмысшылардың орташа жалақысы еліміз бойынша 541 000 теңгені құрайды.

Сарапшылардың пайымынша, бұл негізінен шетелде жалақысы жоғары жұмыс ұсынысымен байланысты. Көбіне мұндай ұсыныстар Англия, Нидерланды, Бельгия, Германия және Ресей сияқты елдерден түседі.

Солардың кейбірі:

  • Бельгия 1–3 жыл тәжірибесі бар дәнекерлеуші қажет. Жалақысы: 1 300 000-нан 1 700 000₸ дейін қолға.
  • Мурманск 1–3 жыл жұмыс тәжірибесі бар процестерді басқару жүйесінің инженері. Жалақысы: 1 500 000-нан 2 000 000₸ дейін.
  • Германия 1–3 жылдық тәжірибесі бар жартылай автоматты дәнекерлеуші. Жалақысы: 1 000 000-нан 1 500 000₸ аралығында.
  • Нидерланды 3-6 жылдық тәжірибесі бар технологиялық құбырларды орнатушы. Жалақысы: 1 300 000-1 500 000₸.
  • Англия жұмыс тәжірибесі жоқ комбайншы. Жалақысы: 1 000 000-1 500 000₸.

Мамандар вахталық кәсіптің мүмкіндігі мол екенін айтады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago