Categories: Қоғам

Бүгіннен бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталды

23 қаңтарда Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру басталады. Ішкі істер министрлігі процедурадан өту ережелерін еске салды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қандай автокөліктер заңдастыруға жатады?

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер.

Заңдастыру үшін талап етілетін ережелер

Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек; Криминалдық есепте болмауы керек; Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс; Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет. Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру жолдары

  • еGov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
  • Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
  • ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы.

Автокөлікті заңдастыру үшін қажет құжаттар

  • өтінім;
  • өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
  • көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.

  • алғашқы тіркеу үшін — 200 000 теңге;
  • техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ — 4 313 теңге;
  • мемлекеттік нөмір — 9 660 теңге.

Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago