Categories: Қоғам

Бүгіннің «батыры». Қазақ неге Бақытбек Есентаевтан культ жасады?

Экс-сотталушының бүгінде әр қадамы жіті бақылауда. Оның түрмеден шыққаны басылымдардың бірінші бетінде жарияланып, Instagram-ға тіркелгені сүйіншілеуге тұрарлық жаңалыққа айналды. Бұрынғы әйелінің ол туралы не дегені, қыздарының не дегені — бәрі-бәрі жұртқа қызық. Қазақстандықтар неліктен Бақытбек Есентаевтан культ жасап алды? Саралап көрейік.

Бақытбек Есентаевтың аты ең алғаш 2016 жылы дүркіреп шықты. Казино бейнебақылауынан түсірілген кадрларда Есентаев дилерді шапалақпен бір ұрғаны түсіп қалған. Болжам бойынша ол ойыннан ұтылып қалған соң осындай бейәдеп қылықтар көрсеткен-мыс. Кадрлардан тағы казиноның бір топ адамы оны сабырға шақырып, тоқтатпақ болғанын көруге болады.

Бұл жанжалды сол кездегі жұбайы Баян Есентаева барынша жуып-шайғысы келгенімен, видео сол жылдары №1 жаңалықтардың бірі болды. Кейін продюсер өзі мойындағандай, Бақытбек Есентаев 22 жыл бойы құмар ойындар ойнап келген, пәтерлер де, көліктер де, қыруар қаржы да ұтылған.

Өкінішке қарай, құмар ойындар көптеген қазақстандықтың әлсіз тұсы. Сондықтан да болар, Есентаевтың бұл әрекеті казиноның көптеген құрбанына «таныс» болды. Әрі бұл ситуацияда олар жалғыз емес екенін сезіндіргендей болды. «Баханың» бейәдеп қылығын айыптағанымен, казинода жиі болатын жағдай екенін көпшілік түсініп отырды.

Бақытбек Есентаевқа әйеліне пышақ жарақатын салуға «оның көзіне шөп салуы» себеп болды делінеді. «Өлтіруге оқталғаны үшін» ол 9 жыл қатаң режимдегі түрмеге тоғытылды. Батыста бұл әрекет қоғам наразылығын туғызып, феминистердің бас көтеруіне әкелетін еді. Алайда патриархалды Қазақстанда бәрі басқаша. Бізде керісінше жұрт агрессордың жағына шықты. Себебі, әр еркек өзін сол рөлде елестетіп, осыған ұқсас агрессия танытатынына сенімді еді.

Ал Есентаевтың мерзімінен бұрын түрмеден шыққанын жұрт ақыры әділдік орнағандай қабылдады. «Әрине, ол мұндай қадамға мәжбүрлі түрде барды, әйтпесе тап-тамаша жігіт!» Сондықтан да болар, оның түрмеден шыққаны рейтингі мықты жаңалық болып, көптің талқысына түсті. Ендігі халық оған тек жақсылық тілеп, отбасылы болып, бастысы ұлды (!) болуын тілеп жатыр. Дәстүрлі қазақ отбасында онсыз қалай?

Психолог Анаргүл Маулиқызы пікірі:

«Зорлық-зомбылықты талқылауда ортақ стереотип бар — жәбірленушіні айыптау. Қоғам өзінің қатыгездігін ақтауға тырысады. «Күйеуі әйелін түзетті», «Ол мұны істеуге мәжбүр болды», «Өзі кінәлі».

Қоғамда тағы бір пікір бар — «ер адам әйелін ұрса, яғни жақсы көретінін білдіреді». Яғни қоғам әйел мен ер деген ұғымды ұстанады. Әйел адам эмоция арқылы сезімдерін білдірсе, ер адам қамқорлық арқылы сезімін білдіреді. Яғни әйел адам теріс эмоция білдірсе ер адам оған ашуланады, ер адам әйел адамды ренжітуге құқығы бар деген стереотип қалыптасқан. Зардап шеккен әйелдер көбінесе шағымдарын ішкі істер органдарынан өздері алып кетіп жатады. Мұның себептері – ортақ балалар, туысқандар көзқарасы.

Психологиялық көзқарас бойынша зорлықшыны ақтаған адам өзі сол зорлық-зомбылыққа жол беріп отырған адам. Қандай жағдай болса да, әр адам өз ісіне жауап беруі керек, заң бойынша шаралар ұйымдастырылғаны жөн. Заң талап бар жерде қылмыс та азаяды».

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago