Categories: Маңызды

Бәйдібек ауданында 36 мал тасқын су астында қалды

Тасқын судың салдарынан Бәйдібек ауданында 36 ұсақ мал су астында қалды. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаров мәлімдеді.

Бақытжан Запаровтың айтуынша, қазір Түркістан облыс аумағында жағдай тұрақталған. Судың келуі де тоқтаған. Дегенмен тасқын судан әлі де қауіп бар.

Өңірдегі бес ауданда 20 елді мекенді су алды. 27 көше мен 234 үйдің ауласына су кірді. Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлерімен 204-тен астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 790 ұсақ мал құтқарылды. Бәйдібек ауданында 36 мал қырылды деген ақпарат тіркелді. Жалпы бірнеше айдан бері өңірде жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тасқын судан келер алапат апатқа жол берілген жоқ. Сауранда 4 эвакуациялық орталық ұйымдастырылды. Департаментте штаб құрылды. Облыс аумағында су сейілгенмен, әлі де қауіп бар деп есептейміз. Таулы аумақтағы Төлеби, Қазығұрт аудандарында әлі де қар бар. Жаңбыр жауса осындай төтенше жағдай орын алуы мүмкін,

деді Бақытжан Запаров.

Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, өңірге 7 сағаттың ішінде жауған жаңбырдың көлемі 10 күндік мөлшерден асып түскен. Сонымен қатар 2-4 ақпан күндері таулы аймақтарда жаңбыр, қар жаууы ықтимал. Сондықтан әрбір аудан, қалада су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр және су басу қаупі бар аймақтар мен су нысандарында 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылған.

Еске сала кетейік, 2 ақпанда Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды су басып жатқанын хабарлаған едік.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago