Categories: Экономика

«Бәйтерек» холдиңгі БЖЗҚ-дан не үшін 500 миллиард теңге алды?

Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы активтерін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің облигацияларына инвестициялайды.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі бекіткен БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттарына сәйкес, 2023 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерін 500 миллиард теңге жалпы сомада «Бәйтерек» ҰБХ» облигацияларына нарық талаптарымен инвестициялау жоспарланып отырғанын хабарлайды,

делінген Ұлттық қор сайтындағы хабарламада.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тартқан қаражатты машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларды кредиттеуге бағыттауды жоспарлап отырғаны айтылды. Қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде бақыланады.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – Қазақстан экономикасын орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін институт. Холдингтің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі тікелей бақылайды.

Холдинг бағалы қағаздар нарығында сенімді қарыз алушы болып табылады, оның орнықты қаржылық көрсеткіштері мен халықаралық рейтингтік агенттіктердің жоғары кредиттік бағалары бар. Мәселен, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Fitch Ratings агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингі деңгейінде тұр және тұрақты болжаммен «ВВВ» құрайды,

делінген хабарламада.

БЖЗҚ зейнетақы активтері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға нарықтық кірістілік бойынша қайтарымды негізде берілетіні айтылды. Жоғарыда аталған инвестициялар БЖЗҚ салымшыларына жыл сайын инвестициялық табыс әкеледі, сондай-ақ Қазақстан экономикасының нақты секторын одан әрі дамыту мен жаңғыртуға елеулі қолдау көрсетеді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago