Коллаж: Arbat.media
Әлеуметтанушы Талғат Жақиянов салафиттік ағымдарға шұғыл түрде заңмен тыйым салуға шақырды. Ол салафизмді індет деп, олардың қатысуымен қандай заңбұзушылықтар орын алып жатқанын тізбектеді:
Еліміздегі терактілердің барлығын солар жасады.
Шет елдердегі соғыстарға солар қатысты, әлі де қатысуда.
Есірткі сату, ұрлық, бопсалау, қарақшылық т.б. қылмыс түрлерін діни тұжырымдармен ақтау тәжірибесін қалыптастырып, қылмыс түрлері мен санын арттырып отырған солар.
Ұлттық болмысымызға, мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге, өнерімізге, тарихымызға, шежіремізге жүйелі шабуыл жасап, жоюға белсенді әрекет жасап жатқан солар.
Мемлекетімізді, заңдарымызды мойындамай, түбінде Халифат (ислам теократиялық мемлекетін) құруды армандайтындар, осы мақсат үшін сырттағы аналогиялық топтармен кез келген уақытта бірігіп кетуге дайын отырғандар солар.
Діни сипаттағы жеке меншік бала бақшалар, мектептер ашып, білім саласын теологизациялап жатқандар да солар.
Ғылыми тұжырымдарды жоққа шығарып, сенушілерін орта ғасырлық өмір салтына қайтаруға тырысып жатқандар да солар.
Медициналық қызметтердің көпшілігін мойындамай, қоғамның денсаулығына зиян келтіріп жатқан да солар.
Ұлттық заңнамаға қарсы шығып, діни догматикалық тұрғыдан талаптар қойып, өз еліне сыртқы күштермен қысым жасап жатқандар да солар.
Бірнеше әйел алып, талақ айтып, ажырасып, отбасы құндылықтарын ыдыратып жатқан солар.
Балиғатқа толды деп, кәмелетке толмаған қыздармен некелесіп, жыныстық қатынасқа түсіп, педофилияны дамытып отырған солар.
Енді соқыр сеніммен періште сәбилерін өлтіріп жатыр,
деп жазды әлеуметтанушы.
Енді қандай апат, қандай жарылыс, қандай трагедия, қандай сұмдық оқиға болуы керек бұл ағымдарды тоқтату үшін? Келешек ұрпақ үшін, ел үшін қоғам болып бірігіп, тоқтату керек бұл індетті, деп үндеу тастады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…