Жемқорлық

БҚО-да шенеунік сотталды

13 қыркүйекте Өскеменнің №2 сотында БҚО бойынша қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болған Мәди Отарбаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Мой город басылымы.

Мәди Отарбаев 361-бап «Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Сонымен қатар сот Отарбаевқа мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салды.

 2016 жылы ол ШҚО құрылыс және сәулет басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде қылмысқа барған.

Отарбаев «UK STROY GROUP» ЖШС үшін пайда табу мақсатында қызметтің мүдделеріне қайшы, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, «UK STROY GROUP» ЖШС-нің жұмыстарының түрлері мен көлемін нақты орындамағаны, құрылыс материалдарын сатып алмағанын біле отырып, 2016 жылғы желтоқсанда орындалған жұмыстарды қабылдаудың №1 актісіне қол қойды. 2016 жылғы желтоқсандағы орындалған жұмыстың құны мен шығындары туралы анықтама, сондай-ақ құрылыс материалдарының атаулары, саны мен бағалары көрсетілген №1 жауапты сақтау шарты, «Өскеменде арнайы ХҚКО құрылысы» объектісіне арналған қағазға қол қойған, ал олар іс жүзінде жоқ,

делінген үкімде.

Отарбаев қол қойған орындалған жұмыстарды қабылдаудың №1 актісі негізінде «UK STROY GROUP» ЖШС шотына 149 миллион теңге көлемінде қаражат аударылды, оның 77,8 миллион теңгесі – бюджет қаражаты. Залал толығымен өтелді.

Сот талқылауы кезінде Отарбаев ешқайда кетпеу керек еді. Алайда шенеунік «Қордай» шекара бекеті арқылы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Мәди Отарбаев Қырғызстанға аттанбақ болған. Содан кейін оны қамауға алды, ал  үкім жарияланғаннан кейін Отарбаев сот залында қамаудан босатылды. Енді ол пробациялық бақылауда болуы керек, тұрақты тұрғылықты жерін өзгертпеуі керек.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға болады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago