Әлеуметтік желіге шолу

Бұрынғы шәкірті ұстазына 2-бөлмелі пәтер сыйлады

Өзбекстан азаматы өзінің бұрынғы ұстазын төл мерекесімен құттықтап, ерекше сыйлық жасады. Бұл туралы Podrobno.uz. сайты хабарлады.

Самарқанд қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінде Ана тілі мен әдебиеті пәнін оқытатын Умида Муминова жиһаз және техникамен толық жабдықталған жаңа екі бөлмелі пәтерге ие болды.

Мұғаліміне осындай ерекше жомарт сыйлық жасаған азаматтың видеосы желіде пайда болды.

Белгілі болғандай жомарт азамат жылжымайтын мүлікті сатумен және салумен айналысады екен.

Мен мұнда жаңа үйлер салынып жатқанын естіп, қызығушылық таныттым. Бір қызығы, осы құрылыс компаниясының директоры менің бұрынғы оқушым болып шықты. Бірнеше күннен кейін компания қызметкерлері маған хабарласып, құжаттарымды қалдыруымды өтінді.  Олар мені ерекше тосын сый күтіп тұрғанын жеткізді,

деді Умида Муминова.

Жомарт кәсіпкердің кім екені айтылмаған. Кәсіпкер бұл ісі арқылы барлық мұғалімдерге алғысын білдірді.

Ұстаздар үлкен құрметке лайық. Менің мұғалімім бізді шын ниетімен, адал жүрегімен оқытты. Осы ұстазымның арқасында биік белестерді бағындырдым деп айта аламын,

дейді кәсіпкер.

Ал Қазақстанда ұстаздар бір гүл шоғына жарымай отыр. Себебі мұғалімнің мерейін асырамын деп айыппұл арқалауың мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 недели ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago