Оқиға

Бұрынғы жігіті қызға шабуыл жасап тамағын кесіп тастады

Талдықорғанда сұлулық салонында қызға шабуыл жасап, тамағын тілгілеп тастаған азамат ұсталды.

Қаскөй 27 жастағы зардап шеккен қыздың бұрынғы жігіті екен. Бұған дейін де қызды талай рет ұрып-соққаны үшін қалалық сот қызға жақындамасын деген үкім шығарған, деп хабарлайды КТК.

Соған қарамастан, оны тағы аяусыз тепкілеп, қолына түскен қағаз кесетін пышақпен шабуылдағаны үшін полицейлер жігітті бір-ақ күнге қамауға алған. Артынша халық шу көтеріп, бейнебақылау камемасының жазбасын жаппай тарата бастады. Әділеттсіз шешім қабылдаған полицияның ісі халықтың ашуына тиді. Олар «бұзақылық» деп жаба салғылары келгендей. Кейін тиранның фотосы да тарады. Қазір полиция басқа бап бойынша іс қозғалғанын хабарлап отыр.

Полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелге шабуыл жасаған күдіктіні анықтап ұстады. Оған қатысты қамауға алу бұлтартпа шарасы таңдалды. ҚР ҚК 24бабы, 3-бөлігінен 99-бабының 2-ші бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қайта дәрежеленді. Тергеуді облыс полиция департаменті ерекше бақылауға алды,

Елдар Әбдікенов, Жетісу облысы ПД басшысының орынбасары.

Жаға ұстатарлық жағдай осыдан бір апта бұрын қаладағы сұлулық салондарының бірінде болыпты. Жараспай кеткен жұптың әрекеті бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған.

Азамат бұрынғы қызын аяусыз соққанымен қоймай, қылқындырмақ болған. Араша түспек болған әйелге де атылған. Қаскөй үстел үстінен кеңсе пышағын алып, қызды бауыздауға оқталған. Артынша ізін суытып үлгеріпті. Қазір күдікті қамауда.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago