Categories: Экономика

Бәсекелестікті қорғау агенттігі инфляциямен күресу үшін нарыққа қысым көрсетті  — экономист

12 шілдеде Бәсекелестікті қорғау агенттігі (БҚА) 2021 жылы 15 құрылыс компаниясы баспана бағасын 20%-ке көтергенін мәлімдеді. Оларға айыппұл салынды, құрылыс салушылардың біріне қатысты теріс пиғылды бәсеке белгілері бойынша тергеу жүріп жатыр. Тексеру субъектілері жылжымайтын мүлік бағасын төмендетті.

Бағаны нарық анықтайды

Бірнеше ай бұрын монополияға қарсылар желі операторларын қызмет құнын өсірді деп айыптап, оларға қатысты тергеуді бастаған еді. Сонымен қатар, ресми инфляция деңгейі базалық мөлшерлеме 14%-ке тең болды. Экономист Айдархан Құсайыновтың айтуынша, БҚА-ның соңғы қызметінің саяси астары бар және оны инфляциямен күрес құралы ретінде пайдаланып отыр.

Құрылыс салушылар нарықтағы бағаны 15-20%-ке көтерді деген нені білдіреді? Мұндай шешімді кім не нәрсеге сүйеніп қабылдады? Немен салыстырды? Жылжымайтын мүлік нарығында кәдімгі монополия деген жоқ әрі оны өзіндік құннан санауға болмайды,

дейді Айдархан Құсайынов.

— Онда мұның бәрі нені білдіреді?

— Жылжымайтын мүлік нарығында палатаға арналған орташа температура деген жоқ, бұл — жай ғана әңгіме. Әзірлеушілердің заң бұзушылықтары туралы БҚА мәлімдемесі тек инфляциямен күресуге байланысты саяси астар деп есептеймін. Бұған дейін бірнеше рет айтқанымдай, Қазақстанда бұл мүлдем жарамсыз әдістермен жүргізіліп жатыр. Әкімдер базар аралап, бағаны көріп, тым қымбат деп жатыр. Үкімет те солай істеп отыр.

Айдархан Құсайынов. Фото: kapital.kz

Ал нарықтағы бағаны нарық шешеді. Сондықтан қандай да бір компания бағаны көтерді деп мәлімдеу — абсурд. Ешкім Apple туралы айфондары қымбат деп айтпайды ғой.

— Демек нарықтағы баға адамдар тауарды немесе қызметті қанша сомаға сатып алуға дайын екеніне байланысты ма?

— Иә, бұл бренд мәселесіне қатысты. Сатып алушы BI немесе «Базис-А» баспаналарына «Рога и копыта» ЖШС жылжымайтын мүлкіне қарағанда қымбатырақ төлеуге дайын екені түсінікті. Дәл солай сияқты, қала орталығы мен оның шеткі аймағындағы тұрғын үй кешендерінің бағасы әртүрлі. Бұл шаршы метр құнын жоспарлаумен де байланысты. Бір қабатта бес бөлмелі екі пәтері немесе бір бөлмелі он пәтері бар үйдегі баспана бағасы әртүрлі болады.

Сол себепті БҚА-ның мәлімдемесі күшті саяси пиар-эффект береді. Басқа ештеңені көріп тұрғам жоқ.

Монополияға қарсылар нарық принциптерін бұзу немесе бағаға манипуляция жасау үшін келісім жасалғанын немесе картель келісімнің болғанын дәлелдесе ғана, осындай мәлімдеме жасай алады. Монополияға қарсы ретке келтіру деген — осы. Ал мәлімдемеде мұндай нәрсе айтылмаған.

Тағайындалған жазалаушылар мен бұзушылар

— Солай болса да, баспана бағасы тұтынушы бағасы индексіне кіреді, ал инфляция шектен шығып бара жатыр. Мүмкін мұның бәрі жыл қорытындысы бойынша қорқынышты инфляцияны көрсетпеу үшін жасалып жатқан болар?

— Дәл солай. Инфляциямен күрес жарамсыз әдістер бойынша жүріп жатыр. Мұндай теріс нәрселер билік біреу қандай да бір бағаны көтерді деген кезде пайда болады. Әрі оның қай салада екені маңызды емес.

Мобильді операторларға қарсы тергеу мен әкімдердің бағаны түсіруді талап етіп базар аралауы да осы қатарға кіреді, өйткені олар осылай шешті.

Классикалық нарықта бір де бір өндірушіге бағаны көтердің деуге болмайды.

Ал құрылыс салушыларлы жылжымайтын мүлік өндірушілері деуге болады. Монополияға қарсы агенттікті бизнеске айдап салып, бағаны түсіруді мәжбүрлесе, оның тапсырманы орындаудан басқа амалы қалмайды.

Тұтыну бағасы индексіне оралайық. Жылжымайтын мүлік себетке түсіп жатыр, бірақ инфляциямен Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылжыта отырып күресуі керек. Сол кезде ол тұтыну бағасы индексін ретке келтіріп, ұстап тұрады. Өйткені жылжымайтын мүлік бағасы емес, баға өзгерісі маңызды.

— Сонда біз ірі нарықты қуадалау арқылы инфляциямен жасанды күресті көріп отырмыз ба?

— Иә. Дегенмен үй салатындар немесе базардағы сатушылар сүттен ақ, судан таза демеймін. Мен инфляциялық күтудің мәні туралы біраз айттым. Халық бағаның өсуіне үйренсе, құрылыс салушылар қажет болса, бағаны көтереді. Ал сатып алушылар ертең бұдан да қымбат болады деп сол үйді қазір сатып алады. Нарықтағы жаңа баға осылай пайда болады. Ертеңіне сатушы бағаны тағы өсіреді, одан тағы сатып алады. Сатушының келісімі болса, бағаны көтерді деу не керек?

Бүгінде Бәсекелестікті қорғау агенттігін бағаны қорғаушылар екенін көріп отырмыз, ал негізі олардың міндеті келісім болмауын қадағалау еді. БҚА, негізі, бағаның өсуі туралы риторикаға бәрі дұрыс деп жауап беруі керек еді — нарық бар, бәсекелестік бар, келісім жоқ.

Бағаның көтерілуі инфляцияға қатысты сауал болғандықтан, оның себебін Ұлттық банк іздеуі керек.

Бұл жағдай 3-4 жылдан бері болып жатыр. Инфляциялық күту мен инфляция өсіп жатыр. Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы курсты ұстап тұрып еді. Ал инфляция базалық мөлшерлеме 14%-ке жеткенін ескерсек, қазіргі басшыға сауал көп.

Президент үкіметтен бағамен күресуді талап етіп отыр, үкімет мұны БҚА мен әкімдіктерге тапсырады. Ешкім Ұлттық банктен Қазақстанға бағаны басқару жөніндегі бірыңғай мемлекеттік үйлестіруші органның қаншалық қажет екенін сұрап, осы тақырыпты байыппен талдамайды. Ұлттық банктің мандатын ашса, оның жалғыз міндеті бағаны басқару екенін көреді. Неге екені белгісіз, бұл іске Бәсекелестікті қорғау агенттігін тағайындап қойды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago