Шолу

БҰҰ: Украинада соғыс кезінде 9614 бейбіт тұрғын қаза тапты

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының жаңа есебінде Ресейдің толыққанды шапқыншылығы басталғаннан бері Украинада қаза тапқан бейбіт азаматтардың саны қыркүйек айының басында 9 614 адамды құрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Зардап шеккендердің үштен бірі дерлік Донецк және Луганск облыстарында екендігі атап өтілді.

Бұл ретте БҰҰ-да дәстүрлі түрде тек құжатталған жағдайларды қарастырған, ал негізінде құрбандардың нақты саны айтарлықтай жоғары болуы мүмкін екенін еске салады. Себебі соғыс болып жатқан жерлерден, Ресейдің қол астына өткен елді-мекендерден обьективті ақпарат алу мүмкін емес. 

Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресей әскери күштерінің әрекеттерін геноцид деп санаудан бас тартты. БҰҰ-ның Украинадағы заң бұзушылықтарды тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссиясының басшысы Эрик Мёсе өзінің және оның әріптестерінің қолында «геноцид қылмысының алдын алу және жазалау туралы конвенцияның заңды талаптарына сәйкес келетін жеткілікті дәлелдері жоқ» екенін мәлімдеді. Мёсе геноцидті мойындау үшін қылмыскерлердің адамдардың «белгілі бір тобын жою» ниетін дәлелдеу керек екенін еске салды. Ал жою «физикалық немесе биологиялық түрде жүргізілуі керек».

18 қыркүйекте БҰҰ Халықаралық соты Украинаның Ресейге қарсы геноцид қылмысының алдын алу және жазалау туралы Конвенцияны бұзу туралы сот ісін қарайды.

Украина билігінің өкілдері Ресейді 2022 жылдың ақпанында басталған кең ауқымды шапқыншылықта геноцид белгілері бар деп бірнеше рет айыптады. Атап айтқанда, олар балаларды Украинадан күштеп шығаруды атап өтті — оған қатысы бар деген күдікпен Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға санкция жариялады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago