Баға сұмдық. Алакөлде бір пакетик шай үшін 1500 теңге алады

Алакөлге табаным алғаш тиді. Себебі жолы жаман дегесін жүрексінгем. Ал, демалысты мұрынның ұшына тақалғанда жоспарлайтын көп қазақтың бірі сияқты әуе не темір жолға билет таппай қалатынмын, деп жазады Диас Нұрақын.

Бұл жолы бала-шағаны алып көлікпен шықтық. Алматыдан Ақшиге дейін 650 шақырым екен. Тоқтап, асықпай тамақ ішіп, күнбағыс алқабында суретке түсіп жүріп 9 сағатта жетіп бардық. Жолдың тек 30-40 шақырымы қалған. Басқа жері тақтайдай тегіс. Бірінші рет барғасын көңіл қайтып қалмасын деп қымбат демалыс орнын таңдадық. Түркияның отельдерінен кем емес.

Бағасы базар жоқ екен. Бір пакетик шайды 1 литр ыстық суға салып бергені үшін 1500 теңге алады. Кока-коланы литрлеп сатпайды екен сұмырайлар. Стақаны мың теңге. Ал 50 грамм сиропқа 1 литр Сарығаш қосып, 4 кубик мұз салып берген маракуя-саракуя деген сусындары 3500 теңге. Сырттан тамақ алып кіруге тиым салған.

Өткенде Алакөлдің шығысындағы базалар өртенді емес пе? Сол кезде кәсіпкерлер мемлекеттен көмек сұрап етегі жасқа толды. Бірақ әлем желідегі жұрт «көк тиын көмек бермеу керек, осы күнге дейін қымбатшылықпен қысып әбден байыды. Енді банкке тыққан ақшаларын шығарып, өздері өртенген қонақүйлерін қалпына келтірсін», деп жазған еді. Халықтың пікірі дұрыс па деп қалдым,

дейді автор өз жазбасында.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago