Categories: Қоғам

«Бағаламай жүріппіз»: қазақстандық Түркиядағы ХҚКО жүйесін көріп, шошығанын айтты

Қазақстандағы цифрландырудың теңдесі жоқ екенін шетелге шығып, сол елдердің құжат жүргізу тәртібін көргендердің бәрі айтады. Раушан Ахметуллақызы Түркиядағы ХҚКО қызметі туралы ашынған жазба жариялады, қазақстандықтар өз елінің құжат алу/беру жүйесін бағалауы керек дейді ол.

Раушан Ахметуллақызының айтуынша тұруға ықтиярхатын создыру үшін құжат жинау рәсімінің өзі бір күнді алған. Құжат қабылдайтын жердің бәрі бір жерде орналасса бір жөн ғой, әрқайсы әр жерде, аралары кейде жүздеген шақырымды құрайды. Ал жұмыс уақыттары таңғы 9.00-ден 16.30-ға дейін ғана. Жүкті қызымен Ыстамбұлдың таулы жолдарында әрі-бері жүрген екі қазақстандық он миллионнан астам тұрғыны бар, қуатты Түркияда цифрландырудың жоқтығына, халыққа қызмет көрсету соншалықты нашар ұйымдастырылғанына таң қалған.

Түркияда қазақстандық Е-gov тәрізді оңтайландыру бағдарламасы бар E-devlet деп аталады, алайда ондағы қызметтер түрі өте аз, және өте баяу жұмыс жасайды. Бұлай болуы мемлекеттің қызмет орындарының бір-бірімен байланысы жоқтығынан.

Ломтадзе мырза, Вячеслав Ким мырза, сіздерге Түркияға келу керек. Мұнда QR код арқылы төлеу қызметі туралы тіпті естімеген, электрондық құжат айналымы, электрондық төлқұжаттар мен электронды кілт деген түріктерге ертегі сияқты. Мен қатты таңғалдым,

дейді Ахметуллақызы.

Оның айтуынша, бөлімшелерде ортақ база жоқ, сондықтан әр кеңсенің өз ережелері бар. Банкте шот ашу — үлкен мәселе, мекенжайы бойынша тіркелу — қиямет-қайым, құжатты куәландыру — бұл да бір үлкен мәселеге айналды. Тіпті ақшаң болса да солай.

Қазақстанда үйден шықпай-ақ, барлығын Egov арқылы, немесе қазір Kaspi арқылы көптеген маңызды қызметтерді тегін алуға болады! Ал мұнда бәріне төлеу керек, анда төле, мында төле, ал таксимен әрі-бері жүремін де бір күнде 150 доллар жараттым!,

дейді қазақстандық.

Бұдан кейін әрбір қазақстандық таксисті, әрбір ХҚКО қызметкерлерін сүйіп, Бағдат Мусинді қатты қысып құшақтағысы келгенін айтады.

Бізде үйден шықпай-ақ некеге тұруға болады, бизнес ашып, барлық қызмет түрлеріне лицензия ала аласыз, жүргізуші куәлігін жаңарта аласыз, тіркелу, мекенжайдан шығару, ажырасу, психикалық және есірткіге тәуелді емес, туберкулезбен ауырмаған деген барлық анықтамаларды үйде отырып-ақ аласыз. Бізде төлқұжат алу бір-ақ күнде іске асады, ал мұнда Түркия азаматына төлқұжат алу үшін 1,5-2 ай, тіпті 3 ай қажет!,

деп ашынған ол, Қазақстанда жүріп осының бәрін бағаламайды екенбіз дейді.

Бәрі аяқталған соң, жүкті қызы анасына былай деп ұсыныс айтыпты:

— Мама, Ердоғанды белгілеп пост жазшы.

Біздікілерді Түркияға шақырсын және қазақтар түріктерді цифрландыруға үйретсін. Біздің ХҚКО мен Kaspi.kz-ті енгізіп, түріктердің өмірін жеңілдетсе сайлауда жеңіске жетеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago