Бақыт Шадаева: «Сейфуллин Жолбарыс үйімді тартып алды»

Танымал әнші Бақыт Шадаева El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында өнердегі әріптесі Сейфуллин Жолбарысқа өкпесі қара қазандай екенін айтты. Отандық жұлдыздардың қарым-қатынасы бүгінде мүлдем бұзылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осы дау басталғалы екеуіміздің ара қатынасымыз мүлдем жаман болып кетті. Ол жігіттің жауабына ішім ашиды. Оны көргім де, естігім де келмейді. Өйткені ер азамат жігіт болуы керек, қалай болғанда да дұрыс жауап беруі керек қой. Әйелдің қасында басын ие салса да артық болмас еді. Оның үстіне, мен одан үлкенмін. Оның бәрін ұмытып, тек өзін қорғап алып жатыр. Онысы дұрыс емес. Ол іште қалған өкпе. Егер досыңыз сіздің үйіңізді тартып алса, сіз ұмыта аласыз ба? Егер де сізге жауап бермей жоғалып кетсе, оның үстіне әрбір сұхбатында сіздің өзіңізге шабуыл жасаса. Қалай қарайсыз? Мен де адаммын,

дейді Бақыт Шадаева.

Әнші досы Сейфуллин Жолбарыспен арада болған жанжалға не себеп болғанын айтып берді.

Бұл дау Сейфуллин Жолбарыс алған үйімнің ақшасын бермегендіктен шықты. Бұл жерде зардап шеккен мен,

деді өнер иесі.

Екі әншінің арасындағы дау шығармашылыққа да әсер еткен. Бағдарлама жүргізушісінің “Сіз орындап жүрген хит әндердің авторы Сейфуллин Жолбарыс болып, даудан кейін әндерді басқа әншілерге таратып бергені рас па?» деген сауалына әнші: “Иә, рас. Солай жасап жатыр, жасай берсін, білгенін істесін. Мен оның әндерін кейінгі кездері айтпаймын. Біріншіден, ол әндердің уақыты өтіп кетті. Екіншіден, ол әндердің бәрін мен орындадым. Қазір жаңа бағытта, жаңа стильде ән айтқым келеді. Мен ол әндерді халыққа жеткізе алдым. Мен бауырым, әріптесім, талант ретінде Сейфуллин үшін көп нәрсе жасадым”, – деп жауап берді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago