Бақытбек Есентаев түрмеден шықты (видео)

Баян Алакөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев бостандыққа шықты. Оны бір топ туыстары мен достары қарсы алды. Бұл туралы Instagram-да Бақытбек Есентаевтың әпкесі Нағима Есентаева мәлімдеді.

2022 жылғы 12 шілдеде сот Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қарап, қанағаттандарды. Бұған зардап шеккен Баян Алагөзова да келісім берген.

Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталған еді. Оның тек 6 жылын өтеп, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Видеодан Бақытбек Есентаевты Алматы облысындағы Заречный кентіндегі колония алдынан бір топ туыстары мен достары қарсы алғанын көруге болады. Бақытбек Есентаев қара джипке мінеді.

Еске салайық, 2016 жылы жазда продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Алагөзова пышақ жарақатын алып және соққыға жығылған күйде ауруханға түсті. Қылмыс жасаған күдікті ретінде оның (сол кездегі) күйеуі бизнесмен Бақытбек Есентаев ұсталды. Есентаевтар отбасы туралы даулы сот процесі 6 айға жуық уақытқа созылды. 

Бақытбек Есентаевқа бірнеше бап қосындысы бойынша 12 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төнді. Соңында бизнесмен екі бап бойынша (Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және Зорлау) ақталды, ал адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сол үшін ол қатаң режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Алматы облысындағы Заречный кентіндегі колонияда өтеді. Ол жерде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған кісі өлтірушілер, есірткі сатушылар және басқа да қылмыскерлер бар. Бақытбек Есентаев бостандыққа 2025 жылы шығуы керек еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

14 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago