Білім

Байқоңыр қазақшалануда

Енді Байқоңыр қаласының барлық мектептерінде қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті қазіргі білім беру стандартына қарамастан оқытылатын болады. Бұл жаңашылдық Ресей стандарттары бойынша жұмыс істейтін оқу орындарында да болады.

Мұндай шешім Қазақстан және Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында қабылданған. Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, Байқоңырда 5 мектеп қазақстандық стандарттар бойынша, тағы 7 мектеп ресейлік стандарттар бойынша оқытады. Көрші ел стандартымен оқытатын мектептерде еліміздің екі мыңнан астам азаматы оқиды.

Қазіргі уақытта бұл пәндер Янгель атындағы №7 мектепте енгізілген. Оқыту 5, 6, 8 және 9-сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Алдағы уақытта бұл оқу пәндері Байқоңырдың қалған ресейлік мектептерінде де пайда болады,

деп түсіндірген телеарна тілшісіне аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жадыра Алданова.

«Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай барлық мектептегі балалардан сауалнама жүргізілетінін айтты.

Тілек білдіргендер осы пәндер бойынша оқытылады. Ресей тарапы кітаптармен, мұғалімдермен толық қамтамасыз етеді. Бұл біздің балаларымызға, қала балаларына біздің қазақстандық жоғары оқу орындарында әрі қарай оқуға жақсы мүмкіндік береді. Өзгерістер тек білім беру саласына әсер еткен жоқ. Олар Байқоңырда да болды,

деді ол.

Білім саласынан бөлек, Байқоңыр көшелерінде қазақ тіліндегі маңдайшалар, жарнамалық және ақпараттық тақталар пайда болды. Көшелерге қазақ ақындары мен соғыс батырларының есімдері берілген. Сондай-ақ қалада Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік мерекелері атап өтіледі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

3 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago