Қоғам

Бай жігітке тұрмысқа шықсаң да, қаржылай тәуелсіз болуың керек

Желі белсендісі, PR саласының маманы Назым Жангазинова қарамағындағы әріптес аруларға осындай кеңес беріп жүреді екен. Ол туралы пиаршы өз парақшасында жазады.

«Менің агенттігімде жұмыс істейтіндердің 90%-ы – қыздар. Басшы ретінде, арамыздағы жасы үлкені ретінде қыздарыма ақыл айтып отыратыным бар. Жиі қайталайтын ақылдарымның бірі – қаржылық тәуелсіздік жайлы» дейді Назым, деп жазды Қаржылық Сауат арнасы.

Қаржылай ғана емес, жалпы тәуелсіз болу керек. Ата-ананың байлығы балаға дәулет болып қалғанымен, көп жағдайда ол байлықтың берекесі болмай жатады. Бай жігітке тұрмысқа шығып «бинго» ұттым деген жалған аксиома мүлдем ұмытылуы керек.

Өмірде әртүрлі жағдай болады, соның бәріне дайын болу керек. Басқа қиын жағдай тап болғанда, қол қусырып отырып қалмай, кез келген уақытта өз еңбегіңмен ақша тауып, өз проблемаңды шеше білуің керек.

Бай жігітке тұрмысқа шығып, аяғында балаларына алимент төлете алмай отырған аналарды білемін. Жастығын сол еркекке арнап, байлығы екеумізге де жетеді деп сенген қаншама қыздың ішінде не жұмыссыз, не үйсіз қалып жатқандар да бар. Жұмысқа шығайын десе бэкграунд жоқ, жасы да келмейді.

Әр адамның байлығы өзіне. Сендер де өз деңгейлеріңе сай бай да тәуелсіз болуларың керек. Әрқашанда даму, ізденіс, еңбек жолында болыңдар. Ерінбеңдер, дамыңдар, алға қарай ұмтылыңдар. Бастарың мен қалталарың бос болмасын.


Артық ақшаң болып жатса, жақындарыңа, мұқтаж жандарға көмектесіп тұрыңдар. Бірақ естеріңде болсын, ертеңгі күндерің ешкімге қарамасын, тәуелсіз болыңдар! 

дейді жазба авторы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago