Атақ және ақша

Байлық бар. Береке жоқ. Орыстілді отбасы

Салта жиі қашатын. Бишімбаев артынан қалмай жалына беретін. Дәм-тұзы жараспайтын жұп болған екен бұл екеуі.

Қазақстанда ректордың ұлы боп туып, жастайынан шетелде оқып, бесіктен белі шықпай елдің экономика министрі болып үлгерген Қуандық Бишімбаев. Екі әйелді шығарып жіберіп, өзінен 12 жасқа кіші Салтанат Нүкеноваға соңынан қалмай жүріп үйленгенін қайтейік. Онымен де адам сияқты тұра алмаған. Салтанат Нүкеновадан кешірім сұрап, кетпеуін өтінген хат скрині «Көреміз» бағдарламасында жарияланды.

Хат мәтініне қарағанда, ерлі-зайыптылар қайғылы оқиғаға дейін де бірнеше рет ренжіскені аңғарылады. Бишімбаев әйелінен кетпеуін өтініп, бәрін түзейтінін, бұл жағдайды да еңсеретінін айтады.

Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың тойынан бейнелер жоқтың қасы. Жарияланған жалғыз видеода жас-жұбайлар сырт көзге өте бақытты көрінеді. Алайда, арада 6 ай өткен соң Бишімбаев әйелін жиі ренжітуді шығарған,

дейді бағдарлама жүргізушісі.

Аталған бағдарламада айтылғандай, бұл хат алмасу қазанда болған. Бишімбаевтың сөзіне сенген, С.Нүкенова күйеуін кешіріп, өзара түсінбестікті ұмытып, қиындықты бірге еңсеруге шешім қабылдаса керек.

Жазда төркініне барғанда ата-анасына күйеуімен қарым-қатынастары қиындап кеткенін, оның мінезі ауыр екенін айтыпты. Ата-анасы жарайды олай болса, үйге қайт деген. Бірақ көп уақыт өтпей Бишімбаев Салтанатты райынан қайтарып, ұзақ уақыт бойы артынан қалмай, қайтып келуін өтініп жүрді. Қалай көндіру керегін жақсы біледі, ал Салтанат өте мейірімді, жанашыр қыз ғой, оны аяп қайта барды. Бишімбаевтың жан дүниесіндегі мәселені анықтау үшін оған жақсы отбасылық қарым-қатынас орнатуға көмектесер деген оймен психолог жалдады,

дейді Салтанат Нүкенованың кіндік шешесі Мәрзия Оспанова.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago