Categories: Галерея

Балқашта 65 жастағы зейнеткер үйін бөтелке қақпағымен безендірген

Қарағанды облысы Балқашта ерекше өнер иесі тұрады. 65 жастағы Юрий Воробьев үйінің кіреберісін пластиктерден жасалған қақпақтармен безендіріп қойған. Шебердің бұл істі ермек етуінің себебі де қызық, — деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасы. 

Екі қабатты тұрғын үйдің кіреберісі ертегі әлеміндей. Мұнда қабырғалар мен еденде түрлі ертегі кейіпкерлерін, аң мен құстардың бейнесін көруге болады. Мұның барлығы да түрлі-түсті қақпақтармен жасалған. Тұрғындар жылда дәлізді сылап әуре болмайды. 

Юра ағай бар, өзіміз осы көршілер тату-тәтті өмір сүреміз, қақпақтарды бірге жинаймыз. Оны лақтыру дегенді білмейміз, әкеліп береміз. Ол кісі барлығын істей алады ғой. Үйге қонаққа келсе, подъезді көріп, қызығып суретке түседі, әлеуметтік желіге салады,

дейді Балқаш қаласының тұрғыны Әлібек Тасболатов.

Юрий Воробьевтың бұл үйде тұрғанына 20 жылдан асып кеткен. Кіреберісті безендіру үшін 60 мың қақпақ кеткен. Оған зейнеткер 4 жыл уақытын арнаған.

Шебер әр жұмысын асқан ықтиятпен істейді. Қақпақтарды нейлон жіпке тізбес бұрын алдымен сызба нұсқаларын дайындап алады. Оның пәтерінде қақпақтардан жасалған ерекше төсеніштер бар. Бірқатарын тапсырыс берген адамдарға таратқан.

Зейнетке шыққан кезім пандемияға тұспа-тұс келді. Карантинде ішім пысқан соң, пластик бөтелкелердің қақпақтарын жинап, олардан суреттер, композициялар жасай бастадым. Бұрын жергілікті комбинатта дәнекерлеуші болып жұмыс істедім. Мен электр жүйесін, сантехниканы да өзім жөндей беремін. Жас кезімде ағаш оюмен айналысқанмын,

дейді Балқаш қаласының тұрғыны Юрий Воробьев.

Балқаштық шебер жұбайымен екеуі серуенге шыққанда қақпақ жинауды әдетке айналдырған. Оған көршілері мен достары да көмектеседі. Зейнеткер өзінің ермегін «қала тазалығын сақтауға титімдей болса да үлесім» деп санайды. Бүгінде Юрий Воробьев тұратын үйді жұрт жақсы біледі. Тіпті, оның ерекше қол туындысын көруге арнайы келіп, суретке түсіретін адамдар да көп.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

12 минут ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

1 час ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

18 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago