Оқиға

Балқашта бойжеткен 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Балқашта полиция қызметкерлері 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды.

13 наурыз күні сағат 19:30 шамасында Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйдің шатырынан бір қыз секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама түсті. Аталған ақпарат бірден патрульдік полиция жасағына берілді. Оқиға орнына бірден сол маңға жақын жерде қызмет атқарып жүрген инспекторлар Ұлан Несіпбай мен Танат Берікұлы барды.

Өзімізге берілген аумақта қызмет атқарып жүргенімізде кезекші бөлімнен оқиға бойынша хабарлама алдық. Тез арада аталған мекен жайға келдік. 9 қабатты үйдің шатырының шетінде отырған қыз баланы көрдік. Дәлізге кіріп, бірден жоғарыға көтерілдік. 9-қабатқа көтерілгенімізде шатырға шығатын есік ашық болды. Әріптесіміз екеуіміз екі жақтан білдіртпей барып, ойға шомылып отырған қызды бірден өзімізге қарай тартып алдық. Кейін оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырдық. Әріқарай біз қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға кеттік,

деді Ұлан Неспібай.

Құтқарылған 21 жастағы қыз осыдан үш күн бұрын өзге өңірге жұмысқа кеткен жігітімен телефон арқылы ұрсысып қалған. Осы ұрыстан кейін жігіт бойжеткенмен байланысқа шықпаған. Осыған қатты күйзелген қыз 9 қабатты үйдің төбесіне шығып, онда оны тәртіп сақшылары құтқарып қалғанша отырғаны белгілі болды.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

4 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

5 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago