Categories: Дін

Балғынбек Имаш: Әруаққа сену – шариғатқа қайшы емес деген мүфти қызметінен кетсін!

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының әруақтарға қатысты айтқан пәтуасын құптамай, қызметінен кетуін талап етті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметттік желідегі инстаграм парақшасында бөлісті, деп жазды Ел аузында сайты.

Әссәләмуғәләйкум, мұхтарам жамағат!

Қазіргі діни жағдайларға байланысты жақ ашпау күнә болатыны анық. Әуелде эмоцияға салынып, артық айтып қоймау үшін үндемей, әліптің артын бақтым. Бірақ, біздің қоғам Бас Мүфтидің айыбын ашып айту былай тұрсын, молда біткен ақтап әлек.

Дін тізгінін қолына алған Наурызбай Тағанұлы “Аруақ қолдасын” деген түсінікке қатысты аз уақыт ішінде екі түрлі пікір білдірді.

Әуелде бұл сөз шариғат шеңберіне сыймайтынын айтты. Кейін “дінімізде оған негіз бар, шариғатқа қайшы емес” деді.

Алланың қаһарына ұшырататын сөз. Өйткені, Алланың кешірмейтін күнәсі ол — Аллаға Серік қосу!

Алламен қатар қандай заттан болсын жақсылық күту, пана тілеу, жәрдем сұрау — діннен шығаратын, ең ауыр күнә! Арақ ішуден де, зина жасаудан да, өсімқорлықтан да, кісі өлтіруден де ауыр!

Бүкіл ҚМДБ имамдарының мүфтидің сөзі мен өзін ақтап, қорғап, жанталасып жатқаны өте үлкен қасірет!

Аруаққа сыйынуды — шапағат деп, өлінің дұғасы деп, тауассул деп, ихсан деп түрлі қисынмен ақтап жатқаны Муфтидің сөзінен де жиіркенішті! Бұлар күпірдің ең үлкені Аллаға серік қосуды қолдап, ақтап, қорғап жатыр. Муфти ол сөзді түрлі себеппен айтуы мүмкін.

Ал Мүфтидің айтқанын түзеп, түрлі қисынмен ақтап әлек болғандардың әрекетіне қандай себеп бар? Назарбаев жаман емес дегеннің бәрін “нұрбот” деген сияқты “Аруаққа сыйынуға болмайды” дегеннің бәрін “уахаби” деп бір штамп соға салатын әдет бар.

Менің ұстанымым ешқандай сәләфилік-уахабилік ұстаным емес, әкемнің айтып кеткен өсиеті. “Балам, біз коммунист болдық. Сендер тек Аллаға сыйыныңдар. Жаратушы жалғыз һәм күшті! Жаратылған көп һәм әлсіз! Көп әрі әлсізге жалбарынған жақсы ма, жалғыз әрі күштіге жалбарынған жақсы ма? Алла бәріне құдіретті әрі жеткілікті. Егер аруақтан көмек сұрасаң Аллаға зұлымдық жасағаның. Оны әлсіз әрі жеткіліксіз санағаның,” — деп өсиет айтып кеткен.

Мен 30 жыл тәрбие алған имамдарымның ішінде “аруаққа сыйынуға болады” деген бір де бір имам болмаған. Мен естіген хадис, мен оқып жүрген құран тек таухидке шақырады.

Мен Ислам дінін ұстанған қарапайым мұсылман ретінде Бас Муфтидің айтқан сөзіне жауап беруін, Аллаға тәубе жасауын, жамағаттан кешірім сұрауын, және өз еркімен қызметінен кетуін талап етемін!

деп жазды инстаграм парақшасына.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago