Бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі жәрдемақы қалай тағайындалады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баланы 1,5 жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға жәрдемақы қалай тағайындалатынын хабарлады. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Электрон үкімет сайтында бір әйел жәрдемақы төлеу неліктен 2022 жылғы 1 қаңтарында туылған балаларға ғана қатысты болатынын сұрады.

Осы заң күшіне енген кезде оның жасы 1,5-ға толмаса, екі ай бұрын туған баланың қандай айырмашылығы бар? – деп сұрады азаматша.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заң бойынша, туған, асырап алынған және қорғаншылыққа алынған балалары бар отбасылардың бір жасқа дейінгі күтімі үшін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар екенін мәлімдеді.

Бұл ретте бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарту тек 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады.

Осылайша заңға өзгерістер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 37-бабы бойынша, нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туған қатынастарға қолданылмайды,

деп түсіндірді Еңбек министрлігі.

ҚР Азаматтық кодексінде де азаматтық заңнама актілерінің кері күші болмайды және олар күшіне енгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады деп белгіленген.

Осыған байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылған тұлғаларға қолданылмайды,

деп хабарлайды ведомство.

Жұмыс істейтін әйелдер мен ер адамдарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы кейінгі 2 жылдағы орташа айлық табысының 40%-іне тең болады. Екі немесе одан көп бала туған кезде төлем әр балаға жеке тағайындалады.

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы былай белгіленеді:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК (18 316 теңге);
  • екінші балаға – 6,81 АЕК (21,655 теңге);
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК (24 963 теңге);
  • төртінші және одан да көп – 8,90 АЕК (28 302 теңге).

2021 жылы 385 мыңға жуық адам бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны алды, оның 3,5 мыңға жуығы — ер адамдар.

Сонымен қатар бала туғанда біржолғы жәрдемақы тағайындалады. Ол бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда 38 АЕК (120 840 теңге) болады.

Төртінші балаға ата-ана 63 АЕК (200 340 теңге) жоғары жәрдемақы алады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago