Оқиға

Балабақшаға барған бүлдіршінді тістеп тастаған

Әлеуметтік желілерде баланың тістелген денесі бар суреттер тарады. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Абай ауылындағы «Жәния» балабақшасында баланың денесінің тістелген фотосуреті таратылды. Ата-аналар бұл ересек адамның ісі деп отыр. Қарасай ауданының ПБ ҚР ӘҚБтК 127-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Директорға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабы 3-бөлігі бойынша облыстың білім басқармасына ұсыныс дайындалды. ҚР ҚК 141-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бүлдіршіннің ата-анасы балабақшада болған оқиғаны тексеру үшін бейнебақылау камераларындағы видеоны талап еткен. Алайда сол күні электр қуаты өшіп, камералар қалыпты жұмысын тоқтатқан.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан Алматы облысының «Жәния» жеке балабақшасында орын алған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме жасады.

Алматы облысы білім басқармасының берген ақпарынша, бейнебақылау камераларының материалдарын зерделеу кезінде факт расталды. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оқиға орнында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттің өкілдері де бар. Тексеру нәтижесіне сәйкес балабақша әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

Бұл жағдай Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің бақылауында екенін атап өткен жөн.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago