Фото: Zen.yandex.ru
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттар санын азайтатын бұйрыққа қол қойды.
2020 жылы орта, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіне де осындай тізім бекітілген болатын. Сол бұйрық арқылы мектеп пен колледж мұғалімдерінің есеп тапсыруын қатаң шектедік. Мысалы, мектеп мұғалімі күн сайын екі құжат ғана толтыруы керек: мектеп журналына (электронды) баға қою және сабақ жоспары.
Алайда, мектепке дейінгі білім беру деңгейінде мұндай тізім реттелмегендіктен көптеген құжат проблемасы болды. Олардың тізімі балабақша басшылығының көзқарасы мен маңызын түсінуге қатысты болды,
делінген хабарламада.
Енді қол қойылған бұйрыққа сәйкес тәрбиеші тек мына құжаттарды толтырады:
1) оқу жылына арналған перспективалық жоспар (жылына бір рет толтырылады);
2) тәрбие-оқу процесінің циклограммасы (бір аптаға толтырылады);
3) диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды өлшеулердің) нәтижесі бойынша оқу жылына арналған баланың жеке даму картасы, ол қажеттігіне қарай толтырылып, жүргізіледі.
Енді мектепке дейінгі білім беру деңгейі бойынша министрлік айқындаған нақты тізбе бар. Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» заңда және Әкімшілік кодексте жазылған басқа да құжаттарды талап еткен адам жауапқа тартылады және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартатылады.
Педагогтардан шектен тыс есепті немесе қызметтік міндеттеріне жатпайтын ақпаратты талап ету фактісі бойынша өтініш түскен кезде ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері құқық бұзғаны үшін жоспардан тыс тексеруді ҚСжАЕК органдарында тіркейді және оны білім беру ұйымына барып немесе бармай-ақ жүргізеді.
Құқық бұзу фактісін дәлелдейтін материалдар:
Құқық бұзушылыққа алғаш рет жол берген адам кінәсін мойындаса, комитет және аумақтық орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмай, кінәлі адамға ескерту туралы қаулы шығарады. Ал адам қайтадан құқық бұзса, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.
делінген хабарламада.
Әкімшілік айыппұл 20 АЕК-тен 120 АЕК-ке дейін,
Мектеп пен балабақша педагогтарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған талаптар сақталуға тиіс.
Әріптестерімнен дер кезінде тиісті шара қабылдау үшін осындай фактілер болған жағдайда ол туралы хабарлауын сұраймын. Бұған дейін жауапты тұлғалар заң бұзғаны, артық есепті және басқа да құжаттарды талап еткені үшін жауапқа тартылғанын еске сала кетейін. Білім беру ұйымдарының басшысынан тағы да заңды қатаң сақтауды және артық есепті талап етуге жол бермеуді сұраймын,
деп жазды министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді қызметіне тән емес функциялардан босатуды міндеттеген еді. Мемлекет басшысы қол қойған «Педагог мәртебесі туралы» заң осы бағытта қажет нормаларды бекітіп, ауқымды жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…