Балалар арасында робототехника чемпионаты өтті

Робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament 2023» республикалық чемпионатына екі жүзден астам бала қатысты.

2023 жылғы 4-5 мамыр аралығында Астана қаласында Республикалық форматтағы робототехника бойынша ауқымды чемпионат өтті, еліміздің түкпір-түкпірінен 260 бала өз күштерін тексеріп, Қазақстан чемпиондары атағына таласу үшін келді. Балалар жарқын эмоциялар, жаңа таныстар мен тәжірибе алды, бұл оларға болашақта халықаралық деңгейдегі турнирлерге қатысу үшін пайдалы болады.

Robotek Grand Tournament ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өтті.

Чемпионатты «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы, Astana IT University, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Роботек» робототехника мектебі ұйымдастырды. Чемпионаттың бас серіктесі — Kcell акционерлік қоғамы. Іс-шараның демеушілері: Мечта, CAES, EPAM сияқты компаниялар болды.

Чемпионаттың бірінші күнінде 10 мен 16 жас аралығындағы балалар келесі санаттар бойынша сынасты:

Эстафета

Робо-сумо

Биатлон (кіші санат)

Лабиринт

Чемпионат барысында қатысушылар бағдарламалап, роботтарды жинап, оларды идеалға келтірді.

«Бұл өңірлерде робототехниканы дамыту үшін тамаша мүмкіндік, дәл осындай іс-шаралар балаларды ары қарай жүруге және мұнымен тоқтап қалмауға шабыттандырады. Сондай-ақ, бүгін біз облыстардағы әріптестермен тәжірибе алмастық, балалар жаңа деңгейді көріп, ұмтылатын нәрсе бар екенін түсінді. Бүгін бәріміз керемет нәрсенің бастауында бола алатынымыз өте жақсы!»,- деп Көкшетау қаласынан келген команданың жаттықтырушысы, Әль-Фараби атындағы IT лицейінің мұғалімі Марат Жүсіпұлы Құлбаев өз пікірімен бөлісті.

Жеңімпаз командалар жүлде ретінде 100,000 теңге, 70,000 теңге және 50,000 теңге сомасында 1, 2 және 3 орындарға сәйкес ақшалай сертификаттар алды, ал командаларды дайындаған мектептер robotek.pro деп аталатын робототехникадан онлайн платформасына 3 айлық жазылым алады, бұл олардың робототехниканы дамыту деңгейін жақсартады.

Бірінші күннің нәтижелері:

«Робо сумо» санаты:

1. «Барс», Ұлытау облысы

2. «В54», Павлодар облысы

3. «RoboHero», Атырау облысы

«Биатлон (кіші санат)» санаты:

1. «Robostar», Қызылорда облысы

2. «Dnvr», Астана қаласы

3. «J8», Павлодар облысы

«Эстафета» санаты:

1. «SSG», Жамбыл облысы

2. «Robo Orda», Қызылорда облысы

3. «J97», Павлодар облысы

«Лабиринт» Санаты

1. №22 мектеп — гимназиясы, Астана қаласы

2. «FastBoot», Павлодар облысы

3. «Avatar», Жамбыл облысы

Чемпионаттың мақсаты — робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу. Техникалық білім беру мәселелеріне жұртшылық пен мемлекеттің назарын аудару.

Екінші күні жарыс үш номинация бойынша өтті және қатысушылар жеңіске және белсенді қатысуға дайын болды. Чемпионат уақытында педагогтарға арналған шеберлік сыныптары және Тұңғыш Президент музейі бойынша балаларға арналған экскурсиялар өткізілді.

Республикалық чемпионаттың екінші күні келесі нәтижемен аяқталды:

«Биатлон (аға санат)» санаты:

1. «Roboimaq», Қызылорда облысы

2. OSSLMFI, Шығыс облысы

3. Батыс Қазақстан облысы

«Сызық бойынша жарыс» санаты:

1. «SpaceX», Жамбыл облысы

2. «Teren Oi», Атырау облысы

3. № 44 МГ, Батыс Қазақстан облысы

«Кегельринг-квадро» санаты:

1. «Джон Сина», Ақмола облысы

2. «Oreon», Жамбыл облысы

3. «Letsgo», Алматы қаласы

«Ел Кубогы» Кселл АҚ-ның арнайы жүлдесін Жамбыл облысының командасы жеңіп алды, ол жалпы командалық есепте ең көп ұпай жинады.

«Роботек» робототехника мектебі осы чемпионатты жүзеге асыруға көмектескендердің барлығына алғысын білдіреді, Қазақстанның түкпір-түкпірінен робототехник балаларды жинау үлкен жауапкершілік болды, бірақ біз бәрін жоғары деңгейде орындадық», — деді «Роботек» робототехника мектебінің директоры Санжар Жақсыбекұлы.

Робототехника бойынша Чемпионат екінші рет өткізілді. Жұмысты осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізуде үлкен тәжірибесі бар судьялар бригадасы бағалады.

«Robotek Grand Tournament» чемпионаты робототехник балалар үшін нағыз мереке болды және Қазақстанда техникалық саланың дамуына ықпал етті!

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago